Жаңалықтар

Қарқаралы ауданының ауылдық округтерінде халық алдындағы есептік кездесулер басталды...


13 Қаңтар 2020 10:52

Қарқаралы ауданының Мәди, Тәттімбет, Н.Нұрмақов, Абай ауылдық округтердің әкімдері  халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Есеп беру жиынына жиналған ауыл халқының қарасы көп болды. Ауыл әкімдерінің есебінен кейін Қарқаралы ауданының әкімі Эльдар Дюсетаев аудан бойынша  2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы қорытындылады. Ауылдық жерлердегі есеп беру кездесуге мәслихат хатшысы және бірқатар бөлім басшылары қатысты.   

Ауылдарда атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындар тарапынан оң баға берілді және аз-кем кемшіліктер де ашық айтылды.

Қарқаралы ауданы бойынша көрсеткіштер көрсетілген сауалнама парақшасы таратылып, жиын барысында ауыл тұрғындары  ұсыныстары мен мәселелерін жазды. 

Көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысымен көпшілікті хабардар еткен ауыл әкімдерінің есепті жиындағы қойылған сауалдар ескерусіз қалмайтындығын, хаттамаға түсіріліп, дер уақытында жауап берілетінін айтты - аудан әкімі. 

Қарқаралы ауданы бойынша алғашқы есеп беру кездесуінде аудан әкімі Э.Дюсетаев «Біздің басты мақсатымыз - Президент тапсырмаларын тыңғылықты орындап, мемлекеттік бағдарламаларды жемісті іске асыру. Әрбір атқарылған істің артында аудан тұрғындары тұр. Алдағы уақытта да қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, мал басы санын және ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттыру, сондай-ақ инвесторларды тарту бағыттарында белсенділіктеріңізді арттырып, ортақ мақсатқа бірлесіп жұмыс істеу қажет», - деді.

 

Қарқаралы аудан әкімінің баспасөз қызметі


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-4°C пасмурно, Влажность 85%, Давление 710, ветер 15 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.29
EUR/KZT 418.41
RUB/KZT 6.09
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»