Жаңалықтар

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы К.Шамшидинова Қарқаралы ауданына келді.


12 Қаңтар 2020 09:46

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шамшидинова Қарқаралы ауданына жұмыс сапармен келді. Аудан орталығындағы мектептерді аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық ұжымдарымен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты ауылдық жерлердегі мектептерге жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді талқылау. Мақсат ауылды жерлерде орналасқан мектептер мен білім алушылардың білім сапасын көтеру. Ал жиын барысында К.Шамшидинова ауыл мектептеріндегі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдердің оқытуға деген көзқарасын өзгерту қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа жағдайда нәтижелі өзара әрекеттесу үшін мектеп, қоғам және ата-ана бірігіп күш салу керектілігі айтылды. Кездесу соңында мұғалімдердің қойылған әр сұрақтарына ұтымды жауаптарын берді. Өз кезегінде ұстаздар да алғыстарын білдірді. Нәтижесінде Қарқаралы өңірі Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерімен тығыз байланыста жұмыс атқару жоспарлануда.

Қарқаралы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-4°C пасмурно, Влажность 85%, Давление 710, ветер 15 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.29
EUR/KZT 418.41
RUB/KZT 6.09
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»