Жаңалықтар

Қарқаралы ауданында «Қыс 2019» Республикалық-штабтық оқу-жаттығу өтті


06 Қараша 2019 16:43

Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері  мен құралдарын дайындау мақсатында 2019 жылдың қараша айының 5-6 аралығында" 2019 жылғы қысқы мерзіміндегі төтенше жағдайларды жою кезінде басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері  мен құралдарын әрекеттерге дайындау" тақырыбында "Қыс 2019" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Қарқаралы ауданы әкімінің "Қыс 2019" Республикалық топтық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауларын орындау мақсатында Қарқаралы ауданы аумағында оқу-жаттығуларды өткізу жоспары бекітілді.  

Қарқаралы ауданы әкімнің орынбасары Б.М.Токмурзиннің төрағалығымен оқу-жаттығуды өткізу аудандық штаб жиынынан басталды.         

Басқару органдары мен күштерін ауданның азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің кіші жүйесін дайындығын келтіру бойынша аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің және ұйымдардың басшыларына оқу-жаттығулардың мақсаттары мен міндеттері жеткізілді.

Одан әрі адамдарды іздеу және құтқаруға тобымен шұғыл әрекет ету құрама жасағын байқауы өткізілді. Онын ішіне кіретін 43 адам жеке құрамы 26 бірлік арнайы техника.

Құрамалар мен авариялық құтқару қызметтері  бірлесіп Қарқаралы-Аппаз облыстық маңызы бар автожолында тактикалық арнайы жаттығу практикасын өткізді.

Жергілікті маңызы бар автожолдағы қарды тазалау, апаттық-құтқару жұмысын және зардап шеккен адамдарға бірінші медициналық көмек көрсетуін шұғыл әрекет ету құрама жасағы кіріспеге сәйкес жұмыс істеді.

Оқу барысында штаб басқармасына басқару сигналдары кестесіне сәйкес ауданның барлық азаматтық қорғау қызметкерлерімен уақытылы хабар ұсынуы қамтамасыз етілді.

          «Қыс 2019» Республикалық топтық-штабтық оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ауданның азаматтық қорғау күштері мен құралдары қыс кезеңінде төтенше жағдайда әрекет етуге дайын.

 

 

Қарқаралы ауданы

ТЖ бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты 

Ж. Сериков

 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

0°C ясно, Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.07
EUR/KZT 427.54
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат