Жаңалықтар

Бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы


28 Тамыз 2019 11:38

Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға , үй жұмыскерлеріне арналған.

БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер жасалған:

Бірінші:міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналы құйымды таңдау құқы болады.

Екінші:Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен үлкен көлемде зейнетақы алатын болады. Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне қарай есептеледі.

Үшінші:Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілікжәне бала туғанда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейін бала күтімінде отырғандарға Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік туады.

Тағы бір артықшылығы,өзінің кіріскөзін көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады. Яғни енді сіз жүйелі жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.

БЖТ төлеу өз еркімен, қалауы мен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.

БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындары үшін- 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК құрайды(тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БТЖ төлеуші салықты қоргандарына есеп бермейді.

БТЖ үлесі мынандай:

-10% - жеке табыс салығы;

-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

 

 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат