Жаңалықтар

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға жәрдемақы мөлшері өседі.


28 Тамыз 2019 11:37

Қазақстанда 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтарға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен  I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өседі. ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен «Бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететін отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілді.

          Енгізілген өзгерістерге сәйкес  мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтарға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен  I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі  күн көріс көлемінен 1,05 мөлшерінен күн көріс көлемінің 1,4 мөлшеріне артқан.Бүгінгі таңда күн көріс көлемі (КК) 29 698 теңгені құрайтынын айтып кету керек.

                    Сонымен, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтарға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен  I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі  1,4 КК мөлшерінде бекітілген,яғни-41 578 теңге (1,4*29 698).

          Өзгерістер 95 мыңнан астам жәрдемақы алушыларды қамтып отыр,мүгедек-баланы тәрбиелеп отырғандар (81742 алушы) және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім көрсетіп отырғандар (13677 алушы).

            Жәрдемақы мөлшерін арттыру бойынша барлық іс-шаралар 2019 жылғы 1 шілдеден бастап  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері мен Еңбек комитетінің аймақтық департаменттерінде автоматты түрде жүзеге асырылады, бұл үшін жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды. Аталған жәрдемақыны алушыларға ХҚКО –ға қосымша барудың қажеті жоқ.

          Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтарға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен  I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы  төлемдері    шілде айының 1-нен 15-не дейін және келесі айларында кесте бойынша (жұмыс күндері) жүргізіледі.

 

 

 

 

                                                                       «Азаматтарға арналған үкімет»

                                                                        мемлекеттік  корпорациясы

                                                                         КЕ АҚ баспасөз қызметі

                                                                     Тел.: 8 (7172) 95 51 54 (ішкі 109)

 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат