Жаңалықтар

Қарқаралы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді


09 Шілде 2019 12:02

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің орынбасары Ю.Ильиннің хатын орындауға байланысты, шілде айының 5-ші жұлдызында Қарқаралы аудан әкімшілігінде аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысына  комиссия мүшелері, мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 1  мәселе қаралды:

1)             Аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдау мәселесі.

Комиссия отырысында осы мәселе тұрғысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ш.О.Нурсейтов және аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бастығы С.А.Толеубек  баяндама жасады. Баяндама барысында аттракциондардың қауіпсіз пайдалану шаралары айтылды.

       Отырыс соңында аудан әкімі Х.М.Мақсұтов аудан әкімінің орынбасарлары мен ауыл әкімдеріне және тиісті мекеме басшыларына жоғарыда аталған мәселелер бойынша және бірқатар мәселелерді жүктеп тиісті тапсырмалар берді.

 

 

Қарқаралы ауданының

ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Ж.М. Сериков 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

30°C ясно, Влажность 23%, Давление 711, ветер 6 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.87
EUR/KZT 432.52
RUB/KZT 6.11
Хабарландырулар Мұрағат