Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер Спартакиадасы


12 Маусым 2019 13:44

11 маусым күні Қарқаралы қаласының орталық стадионында мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу қарсаңында және мемлекеттік қызмет туралы Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілер арасында  облысқа ірктеден ІІІ аудандық Спартакиадасы болып өтті. Шараның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Қ.М.Мақсұтов барлық мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, абыройлы міндет арқалаған әріптестеріне сәттілік тіледі.Спартакиадада жалпы  спорттың 6 түрі бойынша мелекеттік қызметшілер дүбірлі додаға түсіп жарыстың көркін қыздырды.

Жарыстардың қорытындысы бойынша қол күресінен  І орынды Бесоба, Ынталы, Матақ, Қаршығалы, Тегісшілдік командасы, ІІ орынды Қоянды, Ақжол, Шарықты, Балқантау командасы, ІІІ орынды Қарқаралы командасы  иеленді. Кір тасын көтеруден І орынды Қоянды, Ақжол, Шарықты, Балқантау командасы, ІІ орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған, Қ.Аманжолов, ІІІ орынды Бесоба, Ынталы, Матақ, Қаршығалы, Тегісшілдік командасы иеленді. Волейбол ойыны бойынша І орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған, Қ.Аманжолов, ІІ орынды Қарқаралы командасы,  ІІІ орынды Бесоба, Ынталы, Матақ, Қаршығалы, Тегісшілдік командасы иеленсе, үстел теннисінен І орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған, Қ.Аманжолов командасы, ІІ орынды Қарқаралы командасы, ІІІ орынды Қоянды, Ақжол, Шарықты, Балқантау командасы иеленді.Жеңіл атлетикадан І орынды Қарқаралы командасы, ІІ орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған, Қ.Аманжолов командасы ІІІ орынды Бүркітті, Еңбек, Қарағайлы, Томар, Бақты командасы иеленсе, шағын футбол ойыны бойынша І орынды Қарқаралы командасы, ІІ орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған, Қ.Аманжолов командасы, ІІІ орынды Қоянды, Ақжол, Шарықты, Балқантау командасы иеленді.

Жалпыкомандалық  есепте 59 ұпаймен ІІІ орынды Қоянды, Ақжол, Шарықты, Балқантау командасы, ІІ орынды  68 ұпаймен Қарқаралы командасы, І орынды 73 ұпаймен Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған, Қ.Аманжолов командасы иеленді.

Жарыстың жеңімпаз командалары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің  кубок мадақтамаларымен марапатталды.

 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

13°C облачно, Влажность 52%, Давление 711, ветер 3 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.05
EUR/KZT 432.79
RUB/KZT 5.96
Хабарландырулар Мұрағат