Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аппараттық жиын өтті


04 Қазан 2017 10:10

2017 жылдың 4 казанында сағат 15:00-де Қарқаралы ауданы әкімі К.Максутовтың төрағалығымен, Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша аппаратық жиын өтеді.
Жиынға аппарат басшысы- Н.Ильдебаев, аудан әкімі аппаратының мамандары, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары мен мамандары қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады:
Бірінші мәселе: 2017 жылдың 9 айы аралығында Қарқаралы ауданы әкімдігіне бағынысты мемлекеттік мекемелерімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы-
Екінші мәселе: Қарқаралы ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Бірінші және екінші мәселелер бойынша Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының жедел басқару, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманының м.а А.Әубәкірованың баяндамасы тыңдалып, Аудан әкімі К.Максутов тиісті сұрақтарын қойып, шешімдер қабылданды.
Үшінші мәселе: ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы талаптарына сақтау мәселелері бойынша 2017 жылдың 3-10 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас мамандарының ішінара тексеріс шараларының барысында анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін атқарылған жұмыстар туралы
Үшінші мәселе бойынша Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының азаматтардың хал актісін тіркеу бөлімінің бас маманы Б.С.Қантарбаеваның баяндамасы және Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Н.Ә.Әлімханұлының  баяндамасы тыңдалып, Аудан әкімі К.Максутов тиісті сұрақтарын қойып, шешімдер қабылданды.
Төртінші мәселе: Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық ақпарат ұсыну.
Төртінші мәселе бойынша, Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімінің басшысының м.а Е.У.Мизамбаевтың баяндамасы тыңдалып, әкімі К.Максутов тиісті сұрақтарын қойып, негізгі мәселелер жан-жақты қаралып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Отырысқа қатысушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалып, шешімдер қабылданды.

 

Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының жедел басқару, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және ақпараттық технологиялар бөлімі


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

30°C ясно, Влажность 19%, Давление 705, ветер 11 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.70
EUR/KZT 427.15
RUB/KZT 6.06
Хабарландырулар Мұрағат