Жаңалықтар

Ұйым жұмысы сараланды


20 Маусым 2017 10:40

Дүйсенбі күні Қарқаралы аудандық ардагерлер ұйымының ІІІ пленумы өтті. Оған облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Оралды Төреғожин, аудан әкімі Халел Мақсұтов, аудандық мәслихат хатшысы Сләмиден Нүркенов және ардагерлер мен мекеме, бөлім басшылары қатысты. Пленум жұмысын аудандық ардагерлер ұйымы Кеңесінің төрағасы О.Жүкібаев ашып, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында аудандық ардагерлер ұйымының тарапынан атқарылған шаралар және алдағы тұрған міндеттер қаралды. Бұдан әрі отырысты аудан әкімінің орынбасары С.Әлиұлы жүргізіп, аталған мәселе бойынша О.Жүкібаев баяндама жасады. Жарыс сөзде Тегісшілдік ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Қырғызалин, Мәди ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Рахимов сөз сөйледі. Келесіде ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтаған аудан басшысы Х.Мақсұтов марапаттау жасап, аудан әкімінің Алғыс хатын бірқатар ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары О.Рахымбеков (Ынталы), Қ.Рахимов (Мәди), Ә.Қырғызалин (Тоқтар), Х.Хасеновтерге (Темірші) табыс етті. Облыстық ұйымның төрағасы О.Төреғожин де құттықтау тілегін білдіріп, жергілікті ұйым төрағаларын марапаттау рәсімін жалғады. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен көп жылдар бойы аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы болған Е.Қасымжановты, ұйымның Құрмет грамотасымен А.Бабайбековті (Қарқаралы), Алғыс хатпен С.Боранбаеваны (Егіндібұлақ), Дипломмен Б.Сәттібаевты (Қарағайлы) марапаттады. Сондай-ақ, ардагерлер үйі мұражайларының байқауына қатысқаны үшін А.Бабайбековке Алғыс хат және ақшалай сыйлық табыстады.


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат