Время

Уақыты:

  • ttt
  • ttt

Новости региона

Қарағанды авиабазасында полковник Марат Едігеевтің ерлігін еске алуға арналған мемориалдық бұрыш ашылды


Нүркен Әбдіров атындағы 610-шы авиациялық базаның аумағында полковник Марат Едігеевті еске алуға арналған мемориалдық бұрыш ашылды.

610-шы авиациялық базаның командирі Марат Едігеев 2013 жылы әуеде басқарылымы бұзылған ұшақты Просторное кентінен аулақ бұрып алып кеткен. Ол оқиға кезінде штурман Руслан Галимзяновқа катапульттеуге бұйрық берген. Өз өмірін қиған қаһарман ұшқыш үлкен қайғының алдын алды. Ерлігі мен батырлығы үшін Марат Оразұлы Едігеев қайтыс болғаннан кейін 1-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Оның есімі Қарағанды авиациялық базасының Құрмет Кітабына мәңгілікке басылып жазылған.
Мемориалдық бұрыштың салтанатты ашылуына Марат Едігеевтің жұбайы - Жанна, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері ӘӘК қолбасшысы басқармасының аға ұшқыш-инспекторы, Ауған соғысының ардагері, полковник Мұрат Мұсабеков, Нүркен Әбдіровтің немере інісі Әубәкір Әбдіров, сондай-ақ ардагерлер, әскери қызметшілер, «Жас Сарбаз» сынып оқушылары және «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.
610-шы авиациялық база командирінің орынбасары, подполковник Арман Құдайбергеновтың айтуынша, полковник ерлігі жас ұрпақтың есінде қалуы тиіс.
- Мемориалдық бұрыштың ашылуы халық құрметінің көрнекі үлгісі. Бұл оның ерлігін мақтан тұтудың және оған бас июдің белгісі болып табылатын орын. Ол әрдайым командирлік сенімділік, кәсіби қабілеті, қатаң және әділ көзқарасымен ерекшеленетін. Ол нағыз тәлімгер, біздің есімізде және жүрегімізде мәңгі қалады, - дейді Арман Құдайбергенов.
- Мен қобалжып тұрмын, сол сәттерді қайтадан бастан кешкендей болып тұрмын. Оқу-жаттығу ұшуы қайғылы оқиғамен аяқталған күннен бері 7 жыл өтті. Өкінішке орай, Марат Оразұлы үшін ол күн соңғы болды. Ол тек ауыл тұрғындарын ғана емес, мені де өлім аузынан құтқарды. Мен оған мың алғысымды айтамын. Кез келген ұшқыш ұшақпен бірдеңе болған кезде, бірінші кезекте ол жерде қайғылы оқиға болдырмау үшін тырысады. Содан кейін көлік пен экипажды құтқаруға әрекет жасайды. Осының бәрін Марат Оразұлы абыроймен орындады. Жер бетінде құрбандар болмауы үшін және қирауларға жол бермеу үшін қолынан келгенін жасады. Мемориалдық бұрыштың ашылуы – осы батыр тұлғаға деген үлкен құрмет, - деді полковник Марат Едігеевтің экипажының штурманы, запастағы подполковник Руслан Галимзянов.
Просторное кентінде 610-шы авиациялық базаның командиріне ескерткіш орнатылды. Көшелердің біріне оның есімі берілді. Мұнда әр тұрғын батыр мен оның ерлігін ұмытқан емес.
- Ол адамдарды өз өмірін құрбан ете отырып және отбасымыздың бақытын таразыға сала отырып құтқарды. Бірақ басқаша ол істей алмауші еді. Оның ерлігінің арқасында кент тұрғындары өлім аузынан аман қалды. Олар маған көп алғыс айтты... Мен және менің балаларым біздің әкемізді мақтан тұтамын. Біздің отбасымызға көрсеткен көмегі мен қолдаулары үшін әскери қызметшілерге үлкен рахмет. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз, - деді Жанна Едігеева.
Қайтыс болған ұшқыштарды еске алу мемориалдық бұрышын ашқаннан кейін МиГ-31 жойғыш экипаждары авиабазаның ұшу-қону жолағының үстінен ұшып өтті. Қонақтар үшін аэродром аумағы бойынша экскурсия жүргізілді, ал балаларға жаттығу құрылғысында «ұшуға» рұқсат берілді.
Шара соңында Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің өмірі туралы баяндайтын «Нүркен Әбдіров. Менің ұлдарымның ең кенжесі» атты деректі фильм көрсетілді.
Марат Оразұлы Қостанай облысында 1967 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген. Бала кезінен әскери ұшқыш болуды армандаған. 1989 жылы Армавир жоғары әскери Қызыл Ту училищесін бітірді. 2001 жылы - Мәскеудегі Юрий Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын тәмамдаған. Ол лейтенанттан полковникке дейін, ұшқыштан авиабазаның командиріне дейін жол жүріп өтті. Авиацияда 30 жылдан астам қызмет етті.
 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-7°C пасмурно, Влажность 80%, Давление 724, ветер 8 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.19
EUR/KZT 408.99
RUB/KZT 5.93
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»