Новости региона

Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдады


Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кезекті азаматтарды қабылдау жүргізді. Ай сайын облыс әкімі Nur Otan партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтармен кездеседі.
Бұл жолы қабылдауға адамдар әлеуметтік сипаттағы мәселелерімен келді.
Авиация және космонавтика мұражайының негізін қалаушы Мағрифа Кәрібекова ғимаратты кеңейту және жөндеу қажеттілігі туралы әңгімеледі. 10 жылдан астам мұражай Қарағанды қаласының № 78 мектебінде орналасқан. Барлығы сынып бұрышынан және тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің суреті бар бірнеше фотосуреттерден басталды. Жылдар өткен сайын мұражай коллекциясы өсіп, бүгінде қорда мыңнан астам жәдігерлер бар. Олардың арасында сирек кездесетін суреттер, ғарышкерлердің жеке заттары, нағыз ғарыш кемесінің бөлшегі бар.
Бастамашының айтуынша, мектеп мұражайына жыл сайын 1500 мыңнан астам адам келеді. Мұражай басқа мектеп оқушылары үшін де ашық, негізгі келушілер - балалар мен жасөспірімдер.
Мағрипа Кәрібекова мұражайүа қолдау көрсетуді сұрады. Қазіргі үй-жай тар болып отыр және барлық жәдігерлерді сыймайды. Оны кеңейту үшін бос алаңдар бар, бірақ жөндеу жүргізу қажет.
Жеңіс Қасымбек жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған осындай жобалардың пайдасын атап өтті. Облыс әкімі әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарларына осы мектепке баруды және жағдайды сол жерде зерделеуді тапсырды. Бұдан кейін жөндеуді қаржыландыру көзі анықталады.
Абай тұрғыны Алексей Сим өз ақшасына үй жанында салған балалар алаңы туралы айтып берді. Балаларға жасаған сыйлығын заңдастыру үшін жер учаскесіне құқықты ресімдеу қажет. Бастамашы бұл алаңды қалаға тегін беруге дайын екенін айтты.
Жеңіс Қасымбек бұл мәселені шешіп, оңтайлы шешім табуды тапсырды.
Облыс әкімінің қабылдауына шығармашыл жастар келіп, музыкалық жобаны дамытуды ұсынды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мәселелері талқыланды.
 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-4°C пасмурно, Влажность 85%, Давление 710, ветер 15 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.29
EUR/KZT 418.41
RUB/KZT 6.09
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»