Новости региона

Қарағанды облысының жолдарында 23 адам құтқарылды


Қарағанды облысында бір тәулік ішінде ТЖД қызметкерлері жолдарда 23 адамды құтқарды.
15 қаңтарға қараған түні Осакаров ауданында Русская Ивановка ауылынан 4 шақырым жерде құтқарушылар қар құрсауынан Теміртау қаласына 3 адамды эвакуациялады. Осакаровка-Нұра автожолының 5-ші шақырымында жолда тұрып қалған жеңіл көліктен 6 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Оларды құтқарушылар Осакаровка кентіне жеткізді.
Сондай-ақ Бұқар Жырау ауданында Үштөбе ауылының айналма жолында 3 адам болған көлік қар құрсауынан шығарылды.
Тағы екі құтқару операциясы Абай ауданында жүргізілді. 15 қаңтар, 04:25 Жартас-Еркін жолының 6-шы шақырымында ақауы бар автокөлік құтқарылды. Ондағы 5 адам Абай қаласына жеткізілді. Сағат 06:50-де Қарақоға-Жартас автожолының 2-ші шақырымында құтқарушылар қар құрсауынан 3 адамы болған автомобильді тазалаған.
Ал сағат 07:30-да Шет ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының 843 шақырымында ақаулы жеңіл автокөліктен 3 адам, соның ішінде бір бала құтқарылды. Адамдарды Ақсу-Аюлы кентіне жеткізді.
Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет емес.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті жүргізушілерге мүмкіндігінше аязға, қар басқан жолдарда және көктайғақ кезінде жол жүруден бас тартуды ұсынады. Шектеулі көріну кезінде жылдамдықты төмендету керектігін ескертеді. Автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалау, автомобильдің жарамдылығын тексеру қажет. Ауылдық жердің тұрғындарына метеожағдайлар нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүрмеуге кеңес береді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-4°C пасмурно, Влажность 85%, Давление 710, ветер 15 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.29
EUR/KZT 418.41
RUB/KZT 6.09
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»