Новости региона

Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 75-жылдығына орай миллион теңгеден алады


Қарағандыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды. Қалалық әкімдікте ардагерлерге мерейтойға орай берілетін материалдық көмек мөлшері айтылды.
- Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл толады. Қалалық іс-шаралар жоспарының жобасы дайындалды. 9 мамырда дәстүр бойынша «Мәңгілік Алау» әскери Даңқ мемориалында еске алу митингі өтеді. Жеңіс саябағында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, - деп хабарлады Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Жиенбаев аппарат кеңесінде. – Ұлы Отан соғысына қатысушылар 1 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем алады.
Сонымен қатар, ардагерлерге қамқорлық көрсету мақсатында «Ардағым Ардагерім» акциясы жалғасуда. Жастар арасынан волонтерлер тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесу үшін қарт адамдардың үйлеріне барады.
Ақпан айында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толады. Бөлім басшысының айтуынша, жауынгер-интернационалистерге 100 мың теңгеден материалдық көмек төленеді.
Бүгін Қарағандыда Ұлы Отан соғысының 38 қатысушысы мен мүгедектері тұрады. Билік мәліметтері бойынша, қаланың 698 тұрғыны Ауғанстандағы соғыс ардагерлері болып табылады.
 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-4°C пасмурно, Влажность 85%, Давление 710, ветер 15 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.29
EUR/KZT 418.41
RUB/KZT 6.09
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»