Новости региона

Қарағанды облысында 2011 жылдан бері 278 көпқабатты үй жөндеуден өтті


Қарағанды облысында соңғы сегіз жылда 278 көпқабатты үй жөндеуден өтті. Теміртау мен Қарағанды тұрғындары үшін осы уақыт ішінде 93 жаңа лифт орнатылды. Бұл туралы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлатнай Үсенов облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді.
2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қарағанды облысында 260 тұрғын үй ретке келтірілді. Көпқабатты үйлердің шатыры жөнделді, жертөлелер, коммуникациялық жүйелер мен лифтілер орнатылды. Биыл тағы 18 тұрғын үй ғимараты жөнделді. Жаңғырту республикалық бюджет есебінен де, қайтарымды қаражат есебінен де жүргізілді.
Сондай-ақ, кеңесте «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» қорытындысы талқыланды. 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін облыста 50 жоба іске асырылды, оның ішінде үшеуі жылумен жабдықтау саласында және 47 сумен жабдықтау және су бұру саласында.
Теміртауда қазір Батыс өнеркәсіп аймағында өндірістік ағынды суларды бейтараптандыру және тазарту торабының құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылуда.
Жезқазғанда жылу желілерінің екінші кезегі қайта жаңғыртылуда.
Облыста бағдарлама аясында барлығы 300 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілерін салу және қайта жаңарту, сондай-ақ он нысанды пайдалануға беру жоспарланған.
Экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов хабарлағандай, биыл облыста «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында 4 бағыт бойынша 181 жоба жүзеге асырылуда: екінші деңгейлі қалаларды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, моно -, шағын қалаларды дамыту және ауылдық елді мекендерді дамыту.
Қазір Абай қаласында жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанның ТОП-10 туристификация картасына енгізілген Балқаш қаласында қазірдің өзінде даму жопсары құрылған. Мұнда инженерлік инфрақұрылымдар жаңғыртылып, жолдар салынып, қала мен жағалау аумақтарын абаттандыратын болады.
Қаражал қаласында мемлекеттік бағдарламаның арқасында Қаражал-Атасу республикалық маңызы бар жолды жөндеуге қатысты көпжылдық проблеманы шеші мүмкіндігі пайда болды. Өткен жылы онда жұмыстар басталды.
Сәтпаев қаласында жыл сайынғы кешенді тәсіл арқылы қаланың 11 шағын ауданының 7-уі абаттандырылды. Мұнда жолдар асфальтталып, орындықтар орнатылып, қосымша тұрақ орындарын құруда. Биыл екі шағын аудандағы аулалар жөнделді. Келесі жылы тағы екі ауланы абаттандыру жоспарланған.
Саран қаласында қала ішіндегі су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ ауылдарда бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Биыл оларды дамытуға 7,2 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа 220 шақырым жол жөнделіп, 174,8 км су құбыры желілері салынды және қайта жаңартылды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында бүгінгі күні 21 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту, жолдарды жөндеу, жылу және электр желілерін жаңғырту секілді жұмыстар қарастырылған.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қала және аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына қазір облыстағы ескі және тозған объектілерді жөндеу және жаңғырту үшін қажетті құжаттар пакетін дайындауды тапсырды.
 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-6°C пасмурно, Влажность 87%, Давление 719, ветер 2 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 383.95
EUR/KZT 429.26
RUB/KZT 6.16
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»