Новости региона

Қарағанды темір жол бөлімшесіне 80 жыл толды


Қарағанды темір жолының 80 жылдығы атап өтілді. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, еңбегі сіңген теміржол станциялары мен бөлімшелерінің басшылары шақырылды.
Оларды мерейтоймен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтады. Аймақ басшысы барлық қызметкерлерге денсаулық, отбасылық бақыт және кәсіби жетістік тіледі.
- Теміржолшының еңбегі ерекше құрметке ие. Темір жол көлігінің үздіксіз жұмысы – ел экономикасының байланыстырушы күретамырының бірі сіздердің нақты жұмыстарыңызға, сенімділіктеріңізге және жауапкершіліктеріңізге байланысты. Саланың қалай жаңартылып, дамып келе жатқаны, өндірісті техникалық қайта жабдықтау және жаңғырту қалай жүргізіліп жатқаны байқалады. Бұл ретте кадрлық әлеуеттің сақталғаны қуантады. Әлеуметтік мәселелерді шешуге, ардагерлерге қамқорлық жасауға, жастармен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөлінеді, - деп атап өтті ол.
Облыс әкімі Қарағанды темір жол бөлімшесінің үздік қызметкерлеріне: Гүлфара Кашакаева, Анна Цуприкова, Наталья Земцова, Ахат Жақсыбеков пен Зура Иманнұроваға құрмет грамоталарын тапсырды.
Мерейтойлық медальдармен теміржол саласының ардагерлері Қадыл Таласпековті, Юрий Расстрыгинді, Александр Стародубті, Марат Хамзинді, Болатбек Дүйсемалиевті, «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» АҚ бас директорынык жүк тасымалдау процессін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Мұхтар Жамбыловты және басқаларын марапаттады.
Темір жол саласының қызметкерлері үшін басты награда "Құрметті теміржолшыға" атты белгісі болып табылады. Оны осы салада көп жыл еңбек еткен,оның дамуына елеулі үлес қосқан мамандар алады. Белгі сондай-ақ поездар қозғалысының қауіпсіздігі, жолаушылардың өмірі және жүктердің сақталуы үшін жанқиярлық әрекеттері үшін табыс етіледі.
Бұл марапаттың иегері темір жолда 50 жыл еңбек еткен Әбдіманап Бейсембаев болды. Ол Қаражал, Нұра ауданындағы станция бастықтары, "Жомарт" станциясындағы ревизор болды. Ол өзі, әр саладағы кәсіби мамандар секілді, өз жұмысын марапат алу үшін емес, жұмысы өркендеп, кәсібі жандана беру үшін, темур жол саласында апаттар болмай, оның дамуы елімізді гүлдендіруге септігін тигізуі үшін еңбек еттім дейді.
- Әрине, қазір мамандық өзгерді. Бұрын бәрі қолмен жасалған, әрдайым сақ болуға тура келді, себебі темір жол – жоғары қауіптілік аймағы. Қазір барлығы автоматтандырылған. Қызметкерлер технологияларға сүйенуі мүмкін. Дегенмен, қазір де олар кез келген жағдайларға әрқашан дайын болуы керек, - дейді ол.
Облыс әкімінің грамотасын алған Наталья Земцова темір жолда 17 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл салаға ол кездейсок келдім дейді. Негізі, педагогикалық университетке түскісі келген, бірақ емтиханнан өте алмаған. Қазір оның темір жол саласындағы жұмыс өтілі - 40 жылдан асады.
- Маған бұл жұмыс өте ұнады. Мен осында келгеніме ешқашан өкінбеймін, ешқашан қызмет саласын ауыстырғым келмеді. Қазір мен Майқұдық станциясындағы жүкті және багажды қабылдап-тапсырушымын. Бір айда біз 2 мың вагонды қабылдап, жібереміз, - дейді Наталья Земцова.
Қазіргі Қарағанды облысының аумағындағы алғашқы темір жол деп Бурабай және Ақмола курорты арқылы Қарағанды қаласына дейін салынған желіні есептеуге болады. Ол 1926 жылы құрыла бастады. 30-шы жылдары жалпы ұзындығы 490 км Ақмола-Қарағанды және Қарағанды-Балқаш темір жол тармақтары пайда болды.
Қазір өңірде үш негізгі локомотив депосы - Қарағанды, Жаңа-Арқа және Балқашта, екі айналма локомотив депосы, екі вагон, төрт жол дистанциясы, екі электрмен жабдықтау дистанциясы, төрт Сұрыптау станциясы, 89 станция мен разъездер жұмыс істейді. Қарағанды облысына еліміздің темір жол желісіне жалпы тиеудің төрттен бір бөлігі келеді. 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-6°C пасмурно, Влажность 87%, Давление 719, ветер 2 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 383.95
EUR/KZT 429.26
RUB/KZT 6.16
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»