Новости региона

Қарағанды облысында алғаш рет полиция офицерлерінің балы өтті


Қарағанды облысында алғашқы полиция офицерлерінің балы өтті. Би кеші Жезқазған қаласында ұйымдастырылды. Оқиға Жастар жылына орайластырылды. Жас лейтенанттар бұл кеште полицейдің жұмысы тек тәртіп пен түзету ғана емес, сонымен қатар әсемдікпен де сабақтаса алатынын көрсетті.
Қызметкерлер арасынан 24 жұп анықталды. Олар бір жарым ай балға дайындалып, мамандардың жетекшілігімен би қозғалыстарын үйренді. Паркетке салтанатты түрде кавалердер шықты, ал ханымдар қызметтік киім-кешектерін кешкі көйлектерге ауыстырды. Жас офицерлер Шопен, Бах және Моцарттың музыкасына вальс билеп, полонез және мазурканы орындады.
- Мұнда полковниктер, офицерлер, ішкі істер органдарының ардагерлері бар. Менің ойымша, мұндай іс-шара полицейдің имиджін арттыруға ықпал етеді. Біз офицерлік балды жақсы дәстүрге айналдырғымыз келеді, - деді Қарағанды облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ринат Сүттібаев.
Сондай-ақ, полицияда патриоттық әндер шырқалды. «Ұлытау жұлдыздары» барабаншылар тобы өнер көрсетті. «Щелкунчик» балетінің қойылымын Жезқазған өнер мектебінің тәрбиеленушілері ұсынды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-6°C пасмурно, Влажность 87%, Давление 719, ветер 2 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 383.95
EUR/KZT 429.26
RUB/KZT 6.16
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»