Новости региона

Бауыржан Байбек Қарағандыдағы онкодиспансердің жұмысымен танысып қайтты


Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жаңа операциялық-реанимациялық блок салуды қажет ететін онкологиялық диспансерді аралап көрді.
- Жыл сайын әлемде онкологиялық аурулардан 10 млн-ға дейін адам көз жұмады. Қазақстанда бұл сан, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шамамен 15 мыңды құрайды. Бұл сынған тағдырлар, жақындары мен туыстарын жоғалту, көптеген отандастарымыздың қасіреті. Сондықтан бізге заманауи медициналық технологияларды енгізу, кадрлар дайындау, тиісті инфрақұрылым құру қажет. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендетуге болады және ерте кезеңде емдеуге болады, - деді Бауыржан Байбек.
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары жаңа операциялық-реанимациялық блоктың құрылысы пациенттердің күту уақытын он күннен бір күнге дейін төмендетіп қана қоймай, операциялар санын жылына 20 мыңға дейін арттыруға, сондай-ақ көптеген өмірлерді құтқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
- Мұнда жыл сайын еліміздің алты аймағынан 10 мыңнан астам адам ем алады. Алайда, алаң тапшылығы барлық мұқтаждарды қамтуға мүмкіндік бермейді. Бүгінде құрылысты қаржыландыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Nur Otan осы жобаны қаржыландыруға қол жеткізеді. Сонымен қатар, партия тарапынан құрылыс пен көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық және партиялық бақылау ұйымдастырылады, - деп атап өтті ол.
Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс конференциясы барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық филиалдың жаңа төрағасы болып сайланды.
Nur Otan партиясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат