Новости региона

Жеңіс Қасымбек Nur Otan партиясы Қарағанды филиалының төрағасы болып сайланды


Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Шешім кезектен тыс ХХХІІІ партиялық конференцияда бірауыздан қабылданды.
Филиалдың жаңа басшысын Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұсынды. Жеңіс Қасымбек өңірлік және орталық деңгейдегі жұмыс тәжірибесі бар жас басқарушы ретінде белгілі, деді ол.
Елбасы Nur Otan партиясының мүшелеріне халыққа жақын болу міндетін қойды, деп атап өтті Бауыржан Байбек. Халық сеніміне ие болу үшін партиялықтар қарапайым адамдардың мәселелерін білуі және шешуі тиіс.
Партия төрағасының бірінші орынбасары осыған дейін бұл лауазымда болған Ерлан Қошановтың жетістіктерін атап өтіп, оның ізбасарына табыс пен жаңа салада жемісті еңбек тіледі.
Жеңіс Қасымбек партияластарына оған осындай сенім артқаны үшін алғысын білдірді.
- Мен үшін бұл жаңа сын. Партия филиалын алғаш рет басқарағалы отырмын. Елбасының еңбек жолын бастаған аймақта жұмыс істеу – үлкен құрмет. Мен сіздерді Nur Otan партиясының Қарағанды филиалы Мемлекет басшысы мен Елбасының барлық тапсырмаларын орындайды деп сендіргім келеді. Өз тәжірибем мен білімдерімді қарағандылықтардың игілігі үшін қолданамын, олардың өмірін жақсарту және облыстың дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын деп уәде етемін, - деді аймақ басшысы.
 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат