Новости региона

Қарағандыда 30 қыркүйекте бақылау-қадағалау органдары бизнес-қауымдастық алдында есеп береді


Қарағандыда бизнес-қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» жоспарланған. Ол Қарағанды облысы әкімі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия аясында өткізіледі.
Кездесу 30 қыркүйекте сағат 15.00-де Nur Otan партиясының облыстық филиалының ғимаратында өтеді.
Пилоттық жоба Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысына сай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша басталады. Идея бастамасышысы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы болып табылады.
Пилоттық жоба шеңберінде 25 мемлекеттік органның есептері тыңдалады.
Бизнес-қауымдастықтар алдында келесі басқармалар есеп береді:
Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы;
Қарағанды облысының Мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасы;
Қарағанды облысының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы;
Қарағанды қаласының Тұрғын үй қатынастары бөлімі;
Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы;
Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы;
Қарағанды облысының Ветеринария басқармасы;
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті;
Қарағанды облысының Тексеру комиссиясы;
Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі;

Қарағанды облысының Әділет департаменті;
Қарағанды облысының ТЖД;
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
Қарағанды облысының Статистика департаменті;
Қарағанды облысының Көліктік бақылау инспекциясы;
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаменті;
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы;
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы;
ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті;
ҚР АШМ СРК су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы;
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;
Қарағанды облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаменті;
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті.
Сұрақтар, ұсыныстар мен шағымдарды мына электрондық мекенжайларға жіберуге болады: i.moldabaev@karaganda-region.gov.kz; a.seifolla@karaganda-region.gov.kz.
 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат