Новости региона

Қарағандыда Kúzdik Jarty Marathon Халықаралық жартылай марафоны өтеді


Қарағандыда 22 қыркүйекте алғаш рет Kúzdik Jarty Marathon халықаралық жартылай марафоны өтеді. Жүгірушілер Тәуелсіздік алаңында бастау алып, мәреге жетеді.
Жартылай марафон бағдарламасына үш қашықтық кіреді: 21 шақырым 97.5 метр, 14 шақырым және 7 шақырым. Сайыстың маршруты да анықталды: қатысушылар Бұқар жырау даңғылы бойындағы Тәуелсіздік алаңынан бастау алады да, содан кейін Ленин көшесіне бұрылады. Сол жерден Мұстафин көшесі мен Нұркен Әбдіров даңғылына, кейін Бұхар жырау даңғылының бойымен бастапқы нүктеге қайта оралады.
Жарыс таңғы сағат 8.30-да басталып, түске қарай аяқталады.
Шараға 18 жастан асқан барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Белгіленген жарналар: қашықтыққа байланысты1500-нан 5000 теңгеге дейін болады. Барлық жиналған қаражат осы спорт түрін одан әрі дамыту үшін Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясына беріледі.
Жүгіру басталғанға дейін қатысушылар бастапқы пакеттерді алуы қажет. Олар 20 және 21 қыркүйекте Н. Әбдіров атындағы облыстық спорт сарайында 17.00-ден 20.00-ге дейін және 10.00-ден 20.00-ге дейін беріледі.
Марафонға қатысу үшін сайтта тіркеуден өтуге болады.
22 қыркүйекте сағат 7.00-ден 12.00-ге дейін Бұқар жырау даңғылының бөлігі, сондай-ақ Ленин, Мұстафин көшелері мен Нұркен Әбдіров даңғылы жабылады.
 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

30°C ясно, Влажность 19%, Давление 705, ветер 11 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.70
EUR/KZT 427.15
RUB/KZT 6.06
Хабарландырулар Мұрағат