Новости региона

Жаңаарқа ауданында қой шаруашылығын дамыту бойынша семинар өтті


Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында өңірде қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылаған көшпелі семинар өтті. Семинар жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің басшысы Е.Ахметов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Шайдаров, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Т.Садыкулов, ҚазАТУ проректоры И.Токбергенов, Қазақ ұлттық аграрлық университеттің профессоры Ш.Адильханов, сондай-ақ басқа ғалымдар, мамандар, шаруа қожалығының басшылары, әкімшілік өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров өз баяндамасында Қарағанды облысындағы қой шаруашылығының дамуы туралы айтты. Қатысушылар қой шаруашылығының өзекті мәселелерін, оның қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Ауыл шаруашылығының осы саласындағы негізгі даму жолдары мен проблемалы мәселелерді шешу жолдары анықталды.
Семинар шеңберінде көрме ұйымдастырылды. Оған асыл тұқымды қойды өсірумен айналысатын жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдері, сондай-ақ осы жануарларға арналған азықты өсіруге арналған техникалар әкелінді.
Семинар-отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Серік Шайдаров аудан әкімдеріне қой шаруашылығы мен жалпы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, сондай-ақ тұрақты азық базасын құру туралы мәселені қарастыруды тапсырды.

 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

5°C ясно, Влажность 19%, Давление 719, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.75
EUR/KZT 434.26
RUB/KZT 6.12
Хабарландырулар Мұрағат