ГлавнаяСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарқаралы ауданының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарқаралы ауданының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы

Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 260 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарқаралы ауданының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысымен, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспар қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне және дербес бөлімдерге орындалысын қамтамасыз ету мақсатында таратылды.
Жоспардың орындауға жататын уақыты келген мерзімдерінің тармақтары орындалып, Қарағанды облысының әкімі аппаратының құқықтық жұмыс бөліміне уақытылы жолданады.

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша

Қарқаралы ауданы әкімінің аппаратында karkaraly.gov.kz ведомстволық сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» айдары жұмыс жасап тұр. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құжаттар сайтта орналастырылып отырады. Атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мақалалар, Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның өткізілген отырыстары жариялануда.
Сонымен қатар аталған сайтта мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, олардың жұбайларының кірістері, шығыстары, мүлкі, мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер орналастырылды.  
Кәсіпкерлердің мүдделеріне нұқсан келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің сараптамалық кеңес аясында сараптама жүргізіліп тұрады.
2016 жылдың 18 қыркүйегінде Қарқаралы ауданы Кәсіпкерлер палатасының директоры, Қарқаралы ауданы бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер мәселелері бойынша кездесу өткізіліп хаттама толтырылды.
Осы жылдың 21 қыркүйегінде Қарқаралы ауданының экономика және қаржы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметкерлер арасында этика нормасы мен сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың бұзылуының алдын алу бойынша отырыс өткізіліп, хаттама толтырылды.
Нұр Отан партиясымен бірлесіп өткізген семинар кездесуде аудан көлеміндегі барлық деңгейдегі әкімдер мен мекеме басшыларының, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімдерін жетілдіруде барлық мемлекеттік мекемелерде жалпыға бірдей құқықтық білім беру оқулары өз мәнінде жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қағидаларын түсіндіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тұрғылықты халықты құқықтық оқыту мен тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен насихатталып, тақырыптық дәрістер, мақалалар жариялануда. Мемлекеттік мекеме басшыларының сыбайлас  жемқорлықпен күрес жөнінде атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық көріністері мен сыбайлас жемқор бейнесіне теріс көзқарасты қалыптастыру үшін осындай әрекеттерге барған мемлекеттік қызметшілер туралы оларға қатысты лауазымнан босату, бас еркінен айыру сияқты қолданылған қатаң шаралар туралы ақпарат орнатуға арналған «Сатулы ар», «Сатылатын ұят» атты айдары құрылды.
Қандайда бір ақпарат келіп түскен жағдайда аталған айдарға міндетті түрде хабарламалар орналастырылатын болады.

Қоғамдық бақылау институтын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын арттыру бойынша

Бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер орнатылған, сол сияқты жеке және заңды тұлғалар үшін «Сенім телефоны» жұмыс істеп тұр және арыз-шағымдарға арналған пошта жәшіктері орнатылған.
Барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің «Сенім телефоны» аудандық «Қарқаралы» газетінде тоқсан сайын міндетті түрде жарияланып отыр.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру бойынша азаматтық қоғам институтымен байланысты және қайта байланыс орнату мақсатында нысанды іс-шаралардың бірі ол аудан орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында, сенім телефонды көрсете отырып билборд орнатылды.
Аудандық «Қарқаралы» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты жыл басынан 8 мақала жарияланды.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алу, сол сияқты тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етілуде.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізілуінің ашықтығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүйелі электронды түрде жүргізіліп келеді.
Жер кодексі нормалары талаптарының бұзылу деректерінің алдын алу, жер телімдерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылданып отыр.

Квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша

Жергілікті «Тазалық-Қарқаралы» Жаупкершілігі шектеулі серіктестегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес құрылды.
«Тазалық-Қарқаралы» ЖШС-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмысы туралы, Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысының 2016 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліп, 17 маусымда аудан әкімдігімен өткізілген комиссияның кезекті отырысында «Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламасы тыңдалып, талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша
Бұл бағытта жастар ұйымдарын тартумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселесін оқу бағдарламаларына енгізумен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жоспары бекітіліп осы жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Жоспарлар бойынша мектеп оқушыларына "Сыбайлас жемқорлық- демократиялы мемлекетке қауіп төндіреді", "Сен сыбайлас жемқорлық көрінісіне кездестін бе? Оны қалай жеңуге болады?", "Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!" атты тақырыптарында сынып сағаттары, дөңгелек столдар, сурет көрмелері өткізілді.

Көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету бойынша

Қаражатқа байланысты әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастыру қарастырылады. Бюджетті жасақтауға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың және іс-шараны жоспарлау мен іске асыруға байланысты аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып және Бюджеттік кодексқа сәйкес жұмыстар жүргізіліп тұрады.


Дата размещения: 06 Сәуір 2017 17:05 Дата редактирования: 13 Қараша 2019 11:44
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

3°C ясно, Влажность 29%, Давление 719, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.81
EUR/KZT 429.01
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат