ГлавнаяСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарқаралы ауданының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарқаралы ауданының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы

Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 260 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарқаралы ауданының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысымен, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспар қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне және дербес бөлімдерге орындалысын қамтамасыз ету мақсатында таратылды.
Жоспардың орындауға жататын уақыты келген мерзімдерінің тармақтары орындалып, Қарағанды облысының әкімі аппаратының құқықтық жұмыс бөліміне уақытылы жолданады.
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша
Қарқаралы ауданы әкімінің аппаратында karkaraly.gov.kz ведомстволық сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» айдары жұмыс жасап тұр. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құжаттар сайтта орналастырылып отырады. Атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мақалалар, Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның өткізілген отырыстары жариялануда.
Кәсіпкерлердің мүдделеріне нұқсан келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің сараптамалық кеңес аясында сараптама жүргізіліп тұрады.
Аудан әкімі аппаратының фойесінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету (өмірбаян деректері, суреті, құқық құзушылық туралы мәлімет) мақсатында тақта орнатылды. Сондай-ақ қызметте тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасы» орналастырылды.
Қоғамдық бақылау институтын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын арттыру бойынша
Бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер орнатылған, сол сияқты жеке және заңды тұлғалар үшін «Сенім телефоны» мен арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі жұмыс істеп тұр.
Барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің «Сенім телефоны» аудандық «Қарқаралы» газетінде тоқсан сайын міндетті түрде жарияланып отыр.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру бойынша азаматтық қоғам институтымен байланысты және қайта байланыс орнату мақсатында нысанды іс-шаралардың бірі ол аудандық орталықта сыбайлас жемқорлық тақырыбында билборд орнатылды.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алу, сол сияқты тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етілуде.
Жер кодексі нормалары талаптарының бұзылу деректерінің алдын алу, жер телімдерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылданып отыр.
Квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша
Жергілікті «Тазалық-Қарқаралы» Жаупкершілігі шектеулі серіктестегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес құрылды.
«Тазалық-Қарқаралы» ЖШС-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмысы туралы, Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысының 2016 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша
Бұл бағытта жастар ұйымдарын тартумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселесін оқу бағдарламаларына енгізумен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жоспары бекітіліп осы жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің мәселелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы» жобасын жүзеге асыруға 2016 жылға бюджеттік комиссияға сұраныс жолданды (800 000 мың теңге көлемінде).
Көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету бойынша

Қаражатқа байланысты әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастыру қарастырылады. Бюджетті жасақтауға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың және іс-шараны жоспарлау мен іске асыруға байланысты аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып және Бюджеттік кодексқа сәйкес жұмыстар жүргізіліп тұрады.


Дата размещения: 18 Сәуір 2016 14:52 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 23:47
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат