ГлавнаяСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Сыбайлас жемқорлықсыз өмірге үйренейік

Сыбайлас жемқорлықсыз өмірге үйренейік

Еліміздің барлық оқу орындарын қамтитын білім беру саласы сыбайлас жемқорлық індетінен арылуы тиіс, әсіресе мектеп қабырғасында сыпайы сылтаумен түрлі алымдардың жиналуына жол бермеу қажет. Осы ойды кездесулер барысында мектеп директорларына, ұстаздарға және оқушылардың ата-аналарына Қарағанды облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті үнемі жеткізуде.  Елбасының «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауында «Жастар – болашағымыздың тірегі, мемлекет жас ұрпақ үшін барлық есіктер мен  жолдарды ашты» делінген. Сондықтан өскелең ұрпақтың тиісті білім алуына барлық қажетті жағдайды жасауға тиіспіз. Шын мәнінде жағдай біз ойлағандай болмай отыр. Білім жарқын болашаққа жетелейтіні барлығына белгілі, ал ата-аналар балаларына ең жақс ыны ғана тілейді. Осы жолда табыс табу үшін кейбір адамдар қитұртқы әрекеттерге де барып ж атады. Осы күнге дейін алымдар мың сан құбылып, түрлі нысандарда жүзеге асатын болды. Мәселен, жалпымектептік қорларды алсақ та жетерлік. Бұл жағдайлар Конституция бойынша әрбір азаматтың тегін орта білім алуға құқылы болғанына қарамастан орын алуда. Осыдан кейін мемлекет оқу орындарды қамтамасыз етуге жеткіліксіз қаражат бөледі деген айғақтар дәрменсіз күйде деп ойлаймын.  Көп жағдайда оқу орын басшылары бұл жағымсыз әрекеттерді ұстаздардың, ата-аналардың қолымен іске асырады, ал ұстаздардың міндеті мектеп қажеті үшін ақша жинау емес, балаларды оқыту, тәрбиелеу екенін еске саламын.  Халықтың мүддесі заңмен қорғалады және оны аяқ-асты етуге ешкімге жол берілмейді. Тұрмыстық техника және әшекей бұйымдар секілді бағалы сыйлықтарды сыйлауға да сақтықпен қарау қажет деп ойлаймын. Әрине ұстаздар арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттері қалыпты жағдай деп айтуға болмайды.  Десек те Қарағанды облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті аймағымыздың білім беру саласында кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мұқият талдап, бірқатар ықпалды шараларды қолға алды. Біздің қызметкерлер Қарағанды қаласы мектептерінің ата-аналар жиналыстарына қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың басты ережелерін және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жаза түрлерін түсіндіруде. Мұндай сипаттағы кездесулер облысымыздың басқа қалалары мен аудандарын қамтитын болады. Бір мезгілде білім беру саласын реттеуші мемлекеттік органдар да бұл туралы ескертілуде. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсыстратегиясында «бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ» делінген. Шынымен де балаларымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитет қалыптасуы үшін біздер, ата-аналар, мұғалімдер оларға үлгі болуымыз тиіс. Сонымен қатар азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Департаментіміз мектеп әкімшіліктерімен бірлесіп облысымыздың оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыштарды» орнатуда. Осы ақпараттық стендтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге бағытталған құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат, сондай-ақ уәкілетті органдардың байланыс мәліметтері орналастырылатын болады.  Дер кезінде қабылданған алдын алу шаралары – қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастырудың пәрменді құралы. Біз оқу орындардың ынтымақтастығына әзірміз және облыс оқу орындарының қызметі бойынша барлық ескертулер мен ұсыныстарға құлақ асамыз. Департамент мекенжайы: Қарағанды қ.,  Әлиханов көш., 12, байланыс телефоны 8 (7212) 91-36-78.

Ж. Сәрсенов, Қарағанды облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңестің Төрағасы  


Дата размещения: 03 Қараша 2015 13:47 Дата редактирования: 12 Қараша 2019 15:36
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

2°C ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.70
EUR/KZT 428.70
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат