ГлавнаяСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Жемқорлық індет – оған қарсы күресу міндет.

Жемқорлық індет – оған қарсы күресу міндет.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру жұртшылықтың кең қатысуымен атқарылуы тиіс.
Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға негізін қалайтындығы анық.
Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар – тиісті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туғызбайды.
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа жас кезінен бастап тәрбиелеу әлеуметтік мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.
Көптеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығының төменділігі салдары болып табылады.
Қоғамдағы құқықтың нигилизмнің түбегейлі жойылуына қол жеткізу қажет.
Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикасы мен мәдениеті «Мәңгілік ел» идеологиясының контексінде қалыптастырылуы тиіс. Дәстүрлі рухани құндылықтар мен үздік халықаралық стандарттардың үйлесімді үйлесуі азаматтардың заңды мінез-құлығының канондарын жаңадан жасауға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.

Аудан әкімі аппаратының
кадр қызметі бөлімінің
бас маманы К. Тусупов
 


 


Дата размещения: 19 Наурыз 2015 11:47 Дата редактирования: 18 Тамыз 2019 09:45
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

24°C малооблачно, Влажность 37%, Давление 716, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.82
EUR/KZT 428.67
RUB/KZT 5.86
Хабарландырулар Мұрағат