ГлавнаяСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы

Іс-шара

Орындалысы

1

2

3

1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия өткізу

2017 жылдың 26 маусымдағы Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде аумақтық комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру бойынша жұргіліп жатқан іс-шаралар туралы», және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» сұрақтар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

11

Әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мемлекет бөлген ақшалай қаржыны тиімді және мақсатқа сай пайдаланған мониторинг жүргізу

Әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қаражатты тиімді және мақсатты пайдалануы үнемі бақылауда және де күнделікті мониторинг жүргізіледі.

13

Сыбайлас жемқорлық көріністері мен сыбайлас жемқорлық бейнесіне теріс көзқарасты қалыптастыру үшін осындай әрекеттерге барған мемлекеттік қызметшілер туралы оларға қатысты лауазымнан босату, бас еркінен айыру сияқты қолданылған қатаң шараларды жариялаумен ақпарат құралдарында міндетті түрде хабардар (жаңалықтар сюжеттері) беру (олардың жеке өмірбаян деректері мен қызмет тізімін жариялай отырып)

Сыбайлас жемқорлық көріністері мен сыбайлас жемқорлық бейнесіне теріс көзқарасты қалыптастыру үшін осындай әрекеттерге барған мемлекеттік қызметшілер болса, міндетті түрде ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Ауданның «Қарқаралы» газетінде Сыбайлас жемқорлық көріністері мен сыбайлас жемқорлық бейнесіне теріс көзқарасты қалыптастыру үшін осындай әрекеттерге барған мемлекеттік қызметшілер туралы оларға қатысты лауазымнан босату, бас еркінен айыру сияқты қолданылған қатаң шаралар туралы ақпарат орнатуға арналған «Сатулы ар», «Сатылатын ұят» атты айдары құрылды. Қандайда бір ақпарат келіп түскен жағдайда аталған айдарға міндетті түрде хабарламалар орналастырылатын болады.

22

Мемлекеттік органдар басшыларының кәсіпкерлік саласындағы жемқорлыққа қарсы әрекеттер мәселелері бойынша кәсіпкерлік палатысымен, қоғамдық ұйымдармен тұрақты кездесу өткізулерін тәжирбеге енгізу

Кәсіпкерлік саласындағы жемқорлыққа қарсы әрекеттер мәселелері бойынша кәсіпкерлермен де кездесу өткізулері тәжирбеге енгізілген.Жыл басынан 4 кездесу өткізілді, олардың 1-облыстық Кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылуымен, 1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен.  

Қоғамдық бақылау институттарын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын тарту

25

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру, соның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының өкілдері үшін семинарлар өткізу

Қарқаралы қаласының білім беру мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстар талқыға салынды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметер істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша депатаментінің мобильді топ бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты семинар өтті. Қарқаралы аудандық ауруханасында, Қарқаралы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халық көп шоғырланған жерлерде буклеттер мен флаерлер таратылды.

28

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыру

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары электрондық түрде жүргізіледі. Сатып алу жұмыстарының заңдылықтарын ҚР ҚМ ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті РММ тексеріп отырады.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыруға күнделікті жұмыстар жүргізіледі.

29

Жер кодексі нормалары талаптарының бұзылу деректерінің алдын алу, жер телімдерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау

Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысында «Жер қатынастары мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» мәселе талқыланып, тиісті тапсырмалардың орындалыстары қамтамасыз етілді.
Аудандық және республикалық басылымдарға жарияланып конкурсқа қатысу тәртібі, қойылған жер учаскесі туралы ақпарат конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар қоса газет бетіне беріліп отыр.Жер Кодексіне өзгерістер енгізлуіне байланысты ақпараттар газет бетіне беріліп отырылады. Бөлімде кең көлемді ақпараттық тақта дайындалып, қол жетімді жерге орналастырылады. Келген азаматтар толық мағұлмат алып отырады.

34

Әрбір мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз ету (өмірбаян деректері, суреті, құқық бұзушылық туралы мәлімет)

Ауданның мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпарат орналастыру қамтамасыз ету үшін тақталар орнатылған.

35

Әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсынуға міндетті тоқсан сайынғы мемлекеттік қызметшілер жұмысын ішкі бағалауды өткізу

Ауданның мемлекеттік мекемелерінде жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсынуға міндетті тоқсан сайынғы мемлекеттік қызметшілер жұмысын ішкі бағалауды өткізу үшін тақталар орнатылды.

36

Мектеп әкімшілігінің әртүрлі шығыстарға ақша жинауы туралы ата-аналар арасында анкеталар өткізу

Мектеп әкімшілігі ата-аналармен жиналыстар өткізіп тұрады, жиналыста әртүрлі шығыстарға ақша жиналмайтындығы туралы ескертілді.Мектеп ұжымы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша құрылған жұмыс жоспары арқылы жұмыстарын өз деңгейінде жүргізуде. Мектептерде әртүрлі шығыстарға ақша жинауы фактілер анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

48

Жастар ұйымдарын таратумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу  мәселесін оқу бағдарламаларын енгізумен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көрністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарын бекіту

Бүгінгі күні ең маңызыды жағдайлардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қалыптастыруын жалғастыру және жүзеге асыру.Осыған орай ауданының білім беру жұйесінде құқықтық сабақтар жүйелі білім бөлімінің арнайы іс-шара жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Ауданның білім бөлімі басшысымен 25.09.2017 жылы Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар жоспары бекітілген, мектептердің жоспарлары бойынша мектеп оқушыларына, «Сыбайлас жемқорлық-демокртаия мемлекетке қауіп төндіреді», «Сен сыбайлас жемқорлық көрнісіне кездестің ба?», «Оны қалай жеңуге болады?», «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» тақырыптарында сынып сағаттары, дөңгелек столдар, сурет көрмелері өткізілді.

51

Мемлекеттік қызметшілерді шақырумен орта және жоғары оқу орындарында сабақтар өткізуді ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Оқу беру орындарында мемлекеттік қызметшілердің және полиция қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша білім беру жүйесінінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында сабақтар өткізіліп отырады.

52

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысын қолжетімді түрде түсіндіретін әдістемелік ұсынымдар, көрнекі және оқу құралдарын әзірлеуді қамтамасыз ету

Бюджетке қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысын қолжетімді түрде түсіндірілетін әдістемелік ұсынымдар,көрнекті және оқу құралдарын әзірлеп отырады.


Дата размещения: 16 Қазан 2017 13:57 Дата редактирования: 20 Қыркүйек 2019 21:19
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

22°C ясно, Влажность 23%, Давление 715, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 387.34
EUR/KZT 428.44
RUB/KZT 6.04
Хабарландырулар Мұрағат