ГлавнаяСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысы өтті

Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысы өтті

3 наурыз күні аудан әкімдігінде Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысы өткізілді.
Аталған комиссия отырысын комиссия төрағасы, аудан әкімі       Х. Мақсұтов жүргізіп отырды. Отырысқа комиссия мүшелері, аудан прокуроры, қала, кент, селолық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары, аудан бойынша кадрлық жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәселелер қаралып, тиісті басшылардың хабарламалары тыңдалып, талқыланып тиісті тапсырмалар берілді.

Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысы
Хаттама № 1

Қарқаралы қаласы 03.03.2015 жыл
Мәжіліс залы

         Комиссия төрағасы – К.М. Максутов – аудан әкімі.

         Қатысқандар: комиссия мүшелері, қала, кент және селолық округ әкімдері.

Күн тәртібінде

1. «Нұр-Отан» партиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы

Хабарламашы: М.Т. Тойынбеков - «Нұр-Отан» партиясының Қарқаралы ауданының филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша).

2. Аудан бойынша кадрлық жұмыстар бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы

Хабарламашы: Д.С. Бижанов - аудан әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің басшысы.

         Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ––  «Нұр-Отан» партиясының Қарқаралы ауданының филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) М.Т. Тойынбековтың хабарламасы тыңдалып, талқыланып, төмендегі тапсырмалар берілді:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және жемқорлыққа деген төзімсіздік жағдайын нығайту – М.Т. Тойынбеков (келісім бойынша), қала, кент және селолық округ әкімдері, бөлім басшылары.
  2. Жастарды сыбайлас жемқорлықпен күреске жұмылдыру -       М.Т. Тойынбеков (келісім бойынша), қала, кент және селолық округ әкімдері, бөлім басшылары.

3. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшылары бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде мақалалар жариялауды қамтамасыз етсін – қала, кент және селолық округ әкімдері, бөлім басшылары, К. Тусупов.
        

2
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша – аудан әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің басшысы (Д.С. Бижановтың) хабарламасы тыңдалып, талқыланып, төмендегі тапсырмалар берілді:

  1. Барлық мекеме басшылары, қала, кент және селолық округ әкімдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты шаралар атқарсын, оның ішінде мамандарды оқыту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда қатаң шаралар  қабылдасын.
  2. Әрбір мекеме басшыларына, қала, кент және селолық округ әкімдерге сыбайлас жемқорлықтын алдын алу, болдырмау үшін нақты шаралар өткізіп және Қарқаралы ауданында 2011-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындау барысын, уақытылы және мерзімдерінде орындалысын қамтамасыз етсін – қала, кент және селолық округ әкімдері, бөлім басшылары, Д. Азимханов бақылауға.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау туралы тақырыпта билбордтар орналастыру үшін қаражат қарастыру – А. Сатыбалдин, Б. Берниязов, Д. Халел.
  4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін әрбір мемлекеттік сатып алу келісім-шартын, көрсетілген мерзімдерінде орындалысын, қатаң бақылауда ұстап отыруын қаматамасыз етсін – қала, кент және селолық округ әкімдері, бөлім басшылары.
  5. Декларацияны уақытылы тапсыруды қамтамасыз ету - қала, кент және селолық округ әкімдері, бөлім басшылары, Д. Бижанов.
  6. Әрбір әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу кезіндегі конкурстық рәсімдерді тек қана заң аясында өткізіп отырылсын –                  Д. Азимханов.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша жан-жақты талқыланып, әңгіме жасалды. Комиссия төрағасы, отырыс барысында айтылған ұсыныстар мен берілген тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтын алдын алуда нақты шараларды атқаруды тапсырды.

Комиссия төрағасы К.М. Максутов
Комиссия хатшысы К. Тусупов


Дата размещения: 19 Наурыз 2015 11:45 Дата редактирования: 22 Қараша 2019 17:12
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

-11°C ясно, Влажность 38%, Давление 727, ветер 3 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.44
EUR/KZT 428.37
RUB/KZT 6.06
Хабарландырулар Мұрағат