Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы


19 Сәуір 2019 08:17

Қарқаралы ауданы әкімінің аппаратында karkaraly.gov.kz ведомстволық сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» айдары жүйелі түрде жұмыс жасап тұр. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құжаттар сайтта орналастырылып отырады. Атап айтқанда: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2018 жылға арналған «Кешенді Жоспар»-дың, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мақалалар, «Адал Жол-Честный Путь» атты марафон акциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында өткізілген дебат сайысы, сонымен қатар Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның өткізілген отырыстары жариялануда.
Мемлекеттік мекемелерде, бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен, ақпараттық стенділер орнатылған, сол сияқты жеке және заңды тұлғалар үшін арыз-шағымдарға арналған пошта жәшіктері тұр.
Барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің «Сенім телефоны» аудандық «Қарқаралы» газетінде тоқсан сайын міндетті түрде жарияланып отыр.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру бойынша азаматтық қоғам институтымен байланысты және қайта байланыс орнату мақсатында нысанды іс-шаралардың бірі ол аудан бойынша «Назарсыз қалдырма, жемқорлықтың тізбегін үз» және «Параға емес, биікке ұмтыл» атты тақырыптарында, CALL center номері (1424) көрсетілген билбордтар және баннерлер орнатылды (35 дана).
Қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған бейнероликтері Мәдени сауық орталығы орталығында, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Қарағанды облысы бойынша ХҚКО Департаментінің Қарқаралы ауданы бойынша филиалында, Көпжасар Әдікенов атындағы ауыл шаруашылық колледжінде, аудандық орталық ауруханадағы LED-экрандарында трансляциалары жүргізіліп тұр.
Сонымен қатар Мәдениет үйіндегі радиодыбыстық аппараты арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған, дыбыстықтық роликтер жүйелі түрде ойнатылуда.
Аудандық «Қарқаралы» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты жыл басынан 44 мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп кеңесінің төрағасы Жандос Шералыұлы Сәрсеновтың қатысуымен 2018 жылдың 30 мамырында ауданымызда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» семинар өтті.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесі мен 03 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында Қарқаралы ауданында «Адал жол-Честный путь» атты марафон эстафета акциясы өткізілді.
Аудан бойынша 8 қараша күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның аясында дебаттық сайыс» өткізілді.
Сондай-ақ, қараша айының 26 мен желтоқсан айының 4 күндер аралығында «9 желтоқсан күні - сыбайлас жемқорлықпен күрес» күніне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталық» жоспары құрылып, жоспарға сәйкес бір апта көлемінде әр түрлі іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда Қарқаралы ауданы бойынша 26-30 қараша аралығында, қала, кент және ауылдық округтерде, барлық мемлекеттік мекемелерде, әр қайсысы өз саласына қатысты жемқорлыққа қарсы халық арасында құқықтық сауаттылықты жоғарлату мақсатында заңдылықты тусіндіру жұмыстары, ашық есік күнін өткізіп және дөңгелек үстел ретінде орындады (хаттамалары, фотодәйекпен қоса тігулі).
Қарқаралы аудандық жастар ресурстық орталығында Жастар арасында жемқорлыққа қарсы патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген «Сурет және ЭССЕ» байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 26 жұмыс қабылданып, өткен байқаудың қорытындысы бойынша женімпаздар алғыс хатпен марапатталды.
«Мүлдем төзбеушілік» ұстанымын дәріптеу барысында, барлық білім беру ұйымдарында 8-11 сынып окушылар арасында «Жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік», «Жемқорлыққа қарсы жол жоқ» тақырыбы аясында дебат сайысы өткізілді.
Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен жасөспірімдер мен жастар арасында еркін күрестен жарыс өткізілді.
Мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында адамның рухани санасына жемқорлықты алдын алу үшін орталықтандырылған кітапхана жүйесінде біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда барлық кітапханаларда «Жемқорлық –індет, жою міндет» атты тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, көрмедегі кітаптарға шолу жасалынды. Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында орталық кітапханада «Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз» тақырыбында жастармен пікір алысу өткізілді. Нәтижесінде жастардың осы тақырыпта жақсы ойларын, пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді. Осындай жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» бұйрығына сәйкес, аудан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
Қарқаралы ауданы бойынша халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру бойынша мобильді топтың құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасыз болашаққа- Бірге!» ұранымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы аясында Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізу үшін арнайы мониторингтік топ құрылған.
Арнайы мониторингтік тобының отырыстарында: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Кешенді Жоспар»- дың жүзеге асыруы туралы талқыланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Қарқаралы ауданының әкімдігіне бағынышты әр мемлекеттік мекемесіне қатысты ішкі тексеріс жүргізу туралы мәселелер қаралу бойынша іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Арнайы мониторингтік топ құрылғалы 10 жиын өткізілді: ашып айтар болсақ, мемлекеттік мекеме бөлімдерінде, мектептерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыпта түсіндіру жұмыстары жиі өткізілуде.
Сонымен қатар профилактикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жұмысы ол жүйелі түрде тоқсан сайын өткізіліп тұратын Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссия отырыстары. Комиссия отырысында шығарылған хаттамалары орындалу үшін тиісті мекемелерге жолданып отыр. Орындалысы қамтамасыз етілуде. Бұл жұмыс үнемі бақылауда тұр.
Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар Бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялануда.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік
құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы         К. Тусупов


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

22°C ясно, Влажность 23%, Давление 715, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 387.34
EUR/KZT 428.44
RUB/KZT 6.04
Хабарландырулар Мұрағат