Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ мүдде


02 Сәуір 2019 09:56

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді назарға алып, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталғанмүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруда және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі аса маңызды.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің жеті басымды бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресті атап өткен еді.
Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге аударылып, мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар атқарылуда.
  Сыбайлас жемқорлықпен күресте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен», - деген жұртшылықтың пікірімен үндескендей.
Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.


Қарқаралы ауданының әкімі                                     К.М. Максутов
 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C малооблачно, Влажность 36%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.06
EUR/KZT 429.19
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат