Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қарқаралы ауданында «Адал жол-Честный путь» атты марафон эстафетасы акциясы өткізілді. 04 тамыз 2018 жыл


04 Тамыз 2018 09:09

Ағымдағы жылдың 20 шілдесі мен 03 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында Қарқаралы ауданында «Адал жол-Честный путь» атты марафон эстафетасы акциясы өткізілді.

        Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресуде марафон эстафетасын көздеген мақсаты халық арасында құқықтық сауаттылықты жоғарылату, сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын дәріптеумен заңдылықты түсіндіру, патриоттық тәрбиесін қалыптастыру мен бойына сіңіруге ықпал ету болып табылады.

        Осы шараның жүзеге асырылуына барлығы жұмыла бір адамдай қатысып, атсалысты.

        20 шілдеде Абай ауданынан Марафон эстафетасын Қарқаралы ауданы әкімі аппараты қабылдап алды. Осы аралықта жемқорлыққа қарсы бір шама жұмыстар атқарылды. Соның бірі «Жас дәурен» сауықтыру лагерінде «Флешмоб» ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар Орталық Стадионда аудан жастарының қатысуымен шағын футболдан жарыс өткізілді. Ішкі істер органдарымен кездесуде болды. Іс-шараны жалғастыру мақсатында «Шындық жоқ жерде, сұмдық көп» атты шағын қойылымын Мәдени сауық орталығында тамашаладық. «Велошеру» жарысы ұйымдастырылды. «Пионер» шыңына туристік жорыққа шығып, желбіреген Марфон эстафетасы туын тікті.

        Қарқаралы ауданы ендігі кезекте марафон туын өздеріңізге Ақтоғай ауданына ақ жол тілеп табыс етті.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін,сондай-ақ халық сенімін арттыру үшін, жұмыла аянбай еңбек етуге шақыратынымызды, еліміздің гүлденуі, шарықтап дамуы өз қолымызда екенің аудан мәслихатының секретары С.К. Нуркенов


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат