Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында өткізілген дебаттық сайыс


14 Қараша 2018 08:15

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында дебаттық сайыс өтті. Сайыста «Нұр Отан» партиясы Қарқаралы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының м.а., Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топтың мүшесі Б.А.Жакупов төрағалық етті.  Сондай-ақ пікір-таласқа аудан әкімі аппаратының мамандары, жастар орталығы, аудандық мәслихат, Мыңжасар Әдікенов атындағы ауылшаруашылық колледжі студенттері,№ 2 орыс мектебі оқушылары және де мемлекеттік қызметшілер қатысты.

        Жақтаушы - 3 топ, Даттаушы - 2 топ болып, мемлекеттік қызметшілермен студенттер арасында пікір талас дебаты өтті.

Қарқаралы аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы,төрешілік коллегиясы Сулейменов Даурен Меиргалиевич дебаттық сайыстың өткізілу тәртіп ережесімен таныстырды. Сайыстың мақсаты мемлекеттік қызметшілер мен жастарды ақпараттандыру және адам құқықтарын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ойын талқыға салу болып табылатынын айтып өтті.

         Сәйкесінше раунд және финал басталмас бұрын 10 минут ішінде резолюция айтылды.  «Жемқорлықтың қоғамға деген зияның жою мүмкін бе?»,

«Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа тәуелді деп санайсызба?», «Қазақстан Республикасы алдынғы қатарға жатама?», «2050 стратегиясы негізінде жемқорлық жойылуы мүмкін бе?» сияқты тақырыптар төңірегінде сайыс өрбіді. Сайыс соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Ануарбекұлы жеңімпаздарды және қатысушыларға мадақтамамен, алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ,  Кәкім Гулденге кітапты сыйға тарту етті.

Алғыс хат: Қобланды Ерсайын (Жастар орталығынан)

Алғыс хат: Ибраева Ақмарал (Қала әкімдігінің бас маманы)

І. ОРЫН: Көшкінбай Нұржан (Тегісшілдік ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы)

І. ОРЫН: Мұрат Толғанай (Мыңжасар Әдікенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің студенті)

Алғыс хат: Қасымов Әділбек (Қаршығалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы)

Кәкім Гулден (Мыңжасар Әдікенов атындағы ауылшаруалық колледжінің студенті)

ІІ. ОРЫН: Абіл Азамат (Қарқаралы аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы)

ІІ. ОРЫН: Абеу Нариман (Мыңжасар Әдікенов атындағы ауылшаруалық колледжінің студенті)

ІІІ. ОРЫН: Мұқан Айдар (Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы)

ІІІ. ОРЫН: Шырақбай Аружан - (Ермеков атындағы № 2 орыс орта мектебінің оқушысы)

Жан-жақты, ашық,сапалы әрі ұшқыр ойлар айтылды, ұсыныс тастағандары да болды.


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C малооблачно, Влажность 36%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.06
EUR/KZT 429.19
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат