Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

"Сыбайлас жемқорлықпен күресу" мақсатында жергілікті "Қарқаралы" газетінде жарияланған мақалалар.


20 Сәуір 2018 10:09

«Қарқаралы ауданының білім бөлімі»

ММ басшысы

А.С. Елеусизовке

 

Нүркен селолық округі,

Жарлы ауылының тұрғыны

А. Асауовадан

Түсініктеме

         Мен, Айымгүл Асауловаи ауылымыздың бас дәрігері Скендирова Рымбаланың көршісімін. Көрші болып тұрғаныма он екі жыл болды. Рымбала балаларды жетімдер үйінен алып келгеніне бір жарым жыл болды. Келген күннен бастап балалар жылауда. Жолдасының қайтыс болғанына төрт ай болып қалды. Жолдасының тірі кезінде балаларға араша түсетінін естейтінмін. Қабырғалас көрші болғандықтан, айқайлап жылағандары қабыорғадан естіліп тұрады. Балаларға ұрысып, балағат сөз айтып, ұрып жатқаны анық естіледі. Алдыңғы жылдың шілде айында кешкі сағат сегізде шамасында мал келіп жатқан кез, біз далада жүргенбіз, Рымбала балаларға малдың алдынан шықтың деп күректің сабымен ұрып жіберді. Тамыз айында түс ауа сағат 3-4 шамасында балалар ойнауға шыққан, қолына (кабель) сым алып, біреуінің арқасынан салып жіберді, балалар шар ете түсті. Жазда мал кезекке үш кішкентай балаларды қойдың соңына салып қояды. Бұл жағдайларды өз көзіммен көрдім. Енді сол балаларды алмақшы. Қай бетімен алмақшы. Егер балаларды қайта беріп жатса өмірлері не болмақ? Қатесін түзегенің орнына мені қорқытып, кегімді аламын дейді. Мұнысы адамгершілікке жатады ма? Бұл балалардың сұрауы жоқ па? Еліміздің заңы бойынша өз жазасын алар деген үміттемін. Балапандардың көз жасына қалмайық.

 

А. Асауова


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат