ГлавнаяХалыққа Қызмет Көрсету Орталығы

Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы


Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ақылы қызметтер

Уақытты үнемдеу және азаматтарға қолайлы болу үшін Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттар топтамасын қалыптастыру соңынан дайын құжаттарды беру қызметі бойынша жоба енгізілді:
- Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы тоқтатуды /өзгерту/  тіркеу;
- Жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
- Жылжымайтын мүлік объектісін және екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;
- Екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымалы мүлік кепілінің тоқтатуын /өзгерту/  тіркеу;
- Екінші деңгейдегі банктер үшін міндеттемені орындамау туралы хабарламаны тіркеу.
Құжаттар топтпмасын қалыптастыру дегеніміз:
Сапалы кеңестер ұсыну, құжаттар топтамасын жинау, Халыққа қызмет көрсету орталығына өтінім беру және мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты қорытындысын ұсыну. Уәкілетті мемлекеттік органдарға бару, ақшалай кредит алу үшін құжаттар жинауда екінші деңгейдегі банктермен тығыз жұмыс жүргізу, «Жылжымайтын мүлік деректерінің мемлекеттік базасындағы» қате ақпараттарға түзетулер енгізу.
Қызмет алушылардың артықшылығы:
- Құжаттар топтамасын жинау үшін уақытын үнемдеу;
- Халыққа қызмет көрсету орталығы және басқа да мемлекеттік органдарға барудың қажетсіздігі;
- Қызмет алушылардың қолайлы уақытында және бір жерден құжаттарын тапсыру мен дайын құжаттарын алу мүмкіншілігінің болуы;
- Ақылы қызмет көрсетудегі нарықтық бағаның қолжетімдігі.
Қызмет жеке және заңды тұлғаларға бекітілген бағалар негізде ақылы көрсетіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталығы және қызмет алушылардың арасында аталған қызметтердің шарты мен кепілі туралы көрсетілген құжаттар топтамасын қалыптастыру қызметтерін көрсету туралы келісім шарт жасалады.
Біз әр қызмет алушымен жұмыс жасауға ризамыз! Біздің анықтама телефондарымыз 8(72146) 31660, 8(72146) 31526, 8(72146) 31703.


Қарқаралы ауданының      
Халыққа қызмет көрсету орталығы
әкімшілігі


Дата размещения: 24 Қараша 2014 16:04 Дата редактирования: 24 Қыркүйек 2018 16:23
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

24°C малооблачно, Влажность 37%, Давление 716, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.82
EUR/KZT 428.67
RUB/KZT 5.86
Хабарландырулар Мұрағат