Блог Акима

Все вопросы  


ID вопроса: 90
13.04.2018
Вопрос от: Жанкелды Ахметов Амангельдинович

Вопрос:

Ассалаумағалейкум Халел Мақсұтұлы! Тасбұлақ демалыс үйі жабылып қалды ма.Жақсы демалыс орын еді.Енді тасбұлақта демала алмайсыз ба.Тасбұлақтын болашағы не болады.

Ответ:

Сіздің Қарқаралы ауданының әкімдігінің ресми сайтындағы аудан әкімі Мақсұтов Халел Мұқатайұлының блогына жазған өтінішіңізге байланысты төмендегідей хабар етеміз:
«Тасбұлақ» ЖШС-не тиесілі Қарқаралы ауданында орналасқан «Тасбұлақ» демалыс үйі «Еуразиялық банк» АҚ-на қарыздар болуына байланысты, «Тасбұлақ» ЖШС-нің мүлкі 2017 жылдың 12 шілдесінде аукционға қойылған болатын.
Өткізілген аукцион қорытындысы бойынша Бауыржан Жүзбек борышкердің Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында орналасқан жалпы ауданы 10745,2 шаршы метрді құрайтын «демалыс үйін» сатып алды. 2017 жылдың 17 шілдесінде «демалыс үйінің» жаңа басшысымен алынған мүлікті сату-сатып алу туралы тиісті келісімшарттар жасалды.
Қазіргі кезде «Тасбұлақ» демалыс үйінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Құжаттар рәсімделіп болғаннан кейін, демалыс үйінің жұмысы қайта іске асырылатын болады деп жоспарлануда.






Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары М.Садуакасов





Орынд.: Д.Шәріп
Тел.: 8(72146)31996

Вернутся назад
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C ясно, Влажность 31%, Давление 717, ветер 1 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат