Блог Акима

Все вопросы  


ID вопроса: 83
30.11.2017
Вопрос от: Айжанова Алма Дарханқызы

Вопрос:

Салеметсізбе Халел Макатаевич ? Сізге хат жолдауының себебі əділдік жағын қолдайды деп шара қолданады деп жазып отырмын. Мендегі мәселе Қарқаралы районындағы білім орталығынан(района) қатты қысым көруім. Біз орта мектептің кітапханасында жұмыс істейміз тоқсандық,жылдық есеп тапсыру кезінде бізге жылдық есеп емес ақша акелуімізді талап етеді. Сол жердегі əдіскер ( методист района) Гульнара Сейткуловна бізден қаржы жағынан маған көмектесу керексіңдер деп бізді мәжбүрлейді. Сұраганғанын əкелмесек бəрінің көзінше жеке басымызға отбасымызға тиісіп мазақ қылып жаман сөздермен бізді төмендетеді. Алатын айлығымыздын 70% ол кісіге берсек өзіміз немен күн көреміз. Сізді əділ шешім қабылдап осы Гульнара Сейткуловаға шара қолданады деп ойлаймын. Ешқандай шара қолданбаса мен жоғарғы жаққа шағым жазамын қатты ашынғандықтан жазуға мұқтажын. ГУЛЬНАРА СЕЙТКУЛОВА ЖҰМЫСЫНДЫ ЕМЕС ҚОЛЫНДАҒЫ БАРЫНА ҚАРАП ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАЙТЫН АДАМ.Бұл жемқорлықты жояды деген сенімдемін. Жұмыстан шығарамын деп бізді қорқыта береді оған ол кісі ге беретініміз жоқ

Ответ:

Сіздің өтінішіңіз Қарқаралы ауданының әкімі аппаратының әлеуметтік сала және халықты жұмыспен қамту бөлімінде, аудандық білім бөлімінде қаралды.
Сіздің жазған хатыңыз бойынша аудандық білім бөлімінде ішкі тексеріс жүргізіліп, кітапханашылармен әңгіме жасалды. Білім бөлімінің әдіскері Г.Тусупбекованың түсінігі бойынша мектеп кітапханашыларына «Жұмыстан шығарамын» - деп дөрекілік көрсетпегендігі баяндалды.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары органдарға шағымдануыңызға болады.


Қарқаралы ауданы
әкімінің орынбасары М.Т.Садуакасов

Вернутся назад
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C ясно, Влажность 31%, Давление 717, ветер 1 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат