Блог Акима

Все вопросы  


ID вопроса: 81
17.10.2017
Вопрос от: оспанов Нурлан Тлеуханович

Вопрос:

Ассалаумагалейкум!менин атым Нурлан,жасым 25те,уйленгем,2балам бар.балкантау ауылында турам.биреудин уйиде..жас отбасы бойынша,уйге кезекке тура аламба?!

Ответ:

Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылы тұрғыны
Н.Т. Оспановқа


2017 жылдың 17 қазанында Қарқаралы ауданы әкімінің блогына жазылған өтініш бойынша төмендегідей жауап береміз:
«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында «Жас отбасы» бағыты бойынша 2016 жылы Қарқаралы қаласында 16 пәтерлік 2 тұрғын үй салынған болатын. Алдағы уақытта осы бағдарлама бойынша тұрғын үй салынған жағдайда, жас отбасыларға пәтер таратылатын болады. Пәтер таратылатыны туралы жергілікті газетке хабарландыру жарияланатын болады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуіріндегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жас отбасылар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тіркеу қарастырылмаған, төменде көрсетілген тұлғалар ғана тұра алады:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылар;
- Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
- Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтары.


Қарқаралы ауданы
әкімінің орынбасары М.Т. Садуакасов

Вернутся назад
Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-2°C пасмурно, Влажность 80%, Давление 707, ветер 7 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.86
EUR/KZT 418.74
RUB/KZT 6.10
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»