Блог Акима

Все вопросы  


ID вопроса: 76
09.08.2017
Вопрос от: Ахметов Жанкелды Амангельдинович

Вопрос:

А ссалаумағалейкүм Халел Мақсұтұлы,сізден бір өтінішім бар еді.Қарқаралының"Үлкенкөлің" дамытып туристер шомылатын жағдайға жеткізсе.Яғни Қарқаралының Саумалкөл,Қатынкөл,Беталыс,Шоқпартас осы көлдерді тереңдғтіп қазып жағаларын кеңецтіп демалыс үцлері ашылса.Сосын келешекте Қарқаралының жол бойына ормандар отырғызылса леген армандамыз.Мен негізі өз басым Қарқаралыға жанашыр азаматпын.Қарқаралыға жететін жер жоқ.

Ответ:

Сіздің Қарқаралы ауданының әкімдігінің ресми сайтындағы аудан әкімі Мақсұтов Халел Мұқатайұлының блогына жазған өтінішіңізге байланысты төмендегідей хабар етеміз:
Қарқаралы ауданы туристік тартымды аймақтардың бірі болып табылады. Жергілікті ландшафтың көркемдігі мен табиғатының ерекшелігі облыстан ғана емес, барлық республика және кейбір шет мемлекеттерден келетін туристерді тартады. Бірақ бұл қызығушылықты тұрақты түрде сақтау үшін біраз жұмыстар жүргізілуі тиіс. Және де сол себептен ауданда туристік саланы дамытуда көптеген жұмыстар атқарылуда.
Ағаш отырғызу мәселесі бойынша биылғы жылға дейін Қарқаралының жол бойына ағаш отырғызуға қаражат қарастырылмаған.
Қарқаралы қаласына жақын орналасқан және айналасы орманмен, әсем тауларымен көмкерілген Үлкен көл – Қарқаралы қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде, қаладан 3 шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен - 824,7 биіктікте орналасқан. Көлдің айдыны - 2,23 шақырым, максималды тереңдігі - 4,6 метр, суының көлемі – шамамен 6 млн. куб метрден астам. Үлкен көл Қарқаралы ұлттық паркінің қорғаны аймағымен шекаралас орналасқан. Үлкен көлді «Әсел» шаруа қожалығы жалға алып, балық аулап, дүкендерге сату арқылы шаруашылығын жүргізеді. Шаруашылық қожалығының жетекшісімен түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын «Таза көл» акциялары болып тұрады, одан басқа ауданда өткізілетін сенбілік кездерінде Үлкен көл маңайында да тазарту жұмыстары атқарылады.
Бүгінгі күні көлдің маңайында туризм мен демалысты дамыту мақсатында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің де, қалаға қарасты жер учаскелері де жалға беріледі.
Туризмді және рекреацияны дамыту мақсатында инфрақұрылымды дамытудың Бас жоспарына сәйкес, туристік және рекреациялық мақсаттарда жер телімі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес, ұлттық табиғи парк тарапынан конкурс өтіп, қорытындысы бойынша Үлкен көл маңайындағы жер телімінің бір бөлігі 2016 жылы «НБ Строй – 2020» ЖШС-не ұзақ мерзімге жалға берілді. Онда сәйкес инфрақұрылымы қарастырылған демалыс орнының құрылысы ждоспарланған.
Сонымен қатар 2016 жылғы тендерлік комиссия шешімімен туристік-рекреациялық мақсатта қысқа мерзімді уақытқа жер телімдері бөлінген болатын. Көл маңындағы 1 га жер телімі «Гайсин Б.Е.» жеке кәсіпкерге берілді. Аталған жер учаскесінде стационарлы, уақытша палаткалы лагерьлерді, жиналмалы – шиттен фундаментсіз, бунгал типті үйлер орналастыруға арналған алаңның құрылысы жоспарланған.
Жеке кәсіпкерлердің қаражатының жағдайына байланысты, құрылыс жұмыстары басталмай отыр.
Қала территориясына қарасты көл маңындағы жерлер де жалға беріледі. Мысалы, 2014 жылы Ұлттық табиғи паркімен шектесетін Қарқаралы қаласының аумағында «Үлкен көл» маңындағы жер телімінде Головкин Г.Г. сауықтыру кешенінің құрылысы үшін учаске сатып алды.
Ал Саумалкөл, Қатынкөл, Беталыс және Балықтыкөл көлдері балық шаруашылығын жүзеге асыру мақсатында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жалға берілген көлдер. Яғни, көлді тазалау жалға алушылардың құзіретінде. Шоқпартас көлінің маңайындағы бұрынғы демалыс орындарын қалыпқа келтіру жұмыстары басталмақшы.
Туристік маршруттар мен соқпақтар алаңына тазалық шараларын жүргізу жұмыстары мен сенбіліктер жалғастырылады.
Туристік және рекреациялық қызметті дамыту мақсатында жер телімдерін жалға аламын деушілерге жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмек беріледі.






Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары М.Садуакасов

Вернутся назад
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C ясно, Влажность 31%, Давление 717, ветер 1 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат