Хабарландыру тақтасы

ХАБАРЛАМА Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты қайта өткізу туралы 10.09.2019 жыл


      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің  43-1 бабын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы №281 бұйрығын басшылыққа ала отырып

  

    2019 жылдың 7 қазан күні сағат 11-00 де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Т.Әубәкіров көшесі 23 мекен жайда орналасқан Қарқаралы ауданы әкімдігінің акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізіледі.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

      1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) конкурстық ұсыныс;

      3) тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі.  

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2019 жылғы 23 қыркүйектен 2019 жылғы 4 қазан күнгі сағ:18-30- ға  дейін "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде қабылданады, орналасқан мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ә. Бөкейханов көшесі, 40.

    Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.   

   Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

      5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

     Конкурсқа хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамды құрайтын заңды тұлғалардан басқа, белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі.

 

Конкурсқа төменде келтірілген кестеде көрсетілген мынадай жер учаскелері қойылады:

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен шаруашылық, орташа ұзындығы км, жер учаскесінің лот № )

Жалпы алаңы, га

Алқаптардың құрамы

оның ішінде

Жалға алу мерзімі, жыл

Жер учаскесінің сипаттамасы (топырақ түрі), орташа балл бонитет

сумен қамтамасыз етілуі

 

 

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

егістік

жайылымдық

шабындық

басқа алқаптар

 

1

Абай а/о

Лот № 887

627,0

-

627,0

-

-

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 15

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

2

Бақты а/о

Лот № 875

790,0

-

787,0

-

3,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 16

Қамтамасыз етілмеген

мал және өсімдік шаруашылығы

3

Бесоба а/о

Лот № 874

2860,0

-

2480,0

150,0

230,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 9

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

4

Жаңатоған а/о

Лот №106

1600,0

-

1251,0

-

349,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 12

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

5

Қ. Аманжолов а/о

Лот № 884

1000,0

-

785,0

10,0

205,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 10

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

6

Қаракөл а/о

Лот № 852

1000,0

-

715,0

-

285,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 11

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

7

Қоянды а/о

Лот № 878

900,0

-

895,0

-

5,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 8

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

8

Мади а/о

Лот № 846

1080,0

-

1080,0

-

-

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 16

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

9

Тәттімбет а/о

Лот № 824

1500,0

-

1165,0

-

335,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 10

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

10

Тәттімбет а/о

Лот № 839     

1800,0

-

851,894

-

948,106

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 9

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

11

Тәттімбет а/о

Лот № 840

2000,0

-

1990,0

-

10,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 15

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

12

Тәттімбет а/о

Лот № 847

1300,0

-

1295,0

-

5,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 8

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

13

Тәттімбет а/о

Лот № 848

2300,0

-

2000,0

-

300,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 7

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

14

Тәттімбет а/о

Лот № 870

800,0

-

798,0

-

2,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 7

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

15

Тәттімбет а/о

Лот № 889

1575,0

-

1550,0

-

25,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 13

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

16

Тегісшілдік а/о

Лот № 850

400,0

-

337,0

45,0

18,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 18

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

17

Шарықты а/о

Лот № 883

3000,0

-

2887,0

-

113,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 10

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

18

Шарықты а/о

Лот № 868

662,0

-

657,0

-

5,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 11

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

19

Ынталы а/о

Лот № 835

2060,0

-

2045,0

-

15,0

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет - 12

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

 

 

Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

       3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

    Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

    Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

    Қосымша ақпаратты "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" Мемлекеттік мекемесінен мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бөкейханов көшесі 40. Байланыс тел / факс 8 (72146) 31404

 

 


Вернуться назад

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

4°C пасмурно, Влажность 46%, Давление 721, ветер 8 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 389.94
EUR/KZT 433.50
RUB/KZT 6.10
Хабарландырулар Мұрағат