«ПАРЫЗ-2018» республикалық байқауына қатысыңыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бизнестің әлеуметтік  жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Жарлығын орындау мақсатында Қарқаралы ауданы бойынша Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету, оларды осы  саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Конкурс 4 номинациядан тұрады:

  1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
  2.  «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
  3.  «Үздік ұжымдық шарт»
  4.  «Экологияға қосқан үлесі үшін»

Бұл конкурсқа, аудандағы барлық меншік түріндегі ұйымдардың қатысуға мүмкіндігі бар. Аталған номинациялар бойынша шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, т.б. ұйымдарда қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған шараларды іске асырып жатқан үміткерлер қызметі қаралады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына» Қарқаралы ауданынан «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациялар бойынша қатысушы үміткерлер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

Байланыс телефондары 31-8-36, 3 кабинет. Толық ақпаратты enbekkrg.kz сайттан біле аласыздар.


Дата cоздания: 24 Мамыр 2018 17:18
Дата редактирования: 24 Мамыр 2018 17:20
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

22°C ясно, Влажность 23%, Давление 715, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 387.34
EUR/KZT 428.44
RUB/KZT 6.04
Хабарландырулар Мұрағат