Базалық зейнетақы төлемдерін есептеу әдісін 01.07.2018жылдан өзгеруі туралы

03 наурыз 2017жылғы  № 17 «01 шілде 2018жылға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін қайыра есептеу туралы Ережеге» сәйкес, 01 шілде 2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесіне қатысты еңбек өтіліміне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыларды қайыра есептеу көзделген.
Аталған қайыра есептеу қазіргі уақытта зейнетақы алып отырған зейнеткерлерді және жаңадан тағайындалатын зейнетақылардыда қамтиды.
Базалық төлемдерді қайыра есептеуге төмендегі  еңбек өтілдері жатады:

  • бірлескен жүйеге әзірленген еңбек өтілі (01 қаңтар 1998жылға дейінгі)
  • жинақтаушы еңбек өтілі (міндетті зейнетақы жарналары төленген мерзім)

    Бұдан тысқары, жекелеген азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау     
бағытында есепке алынатын еңбек өтілдері жатады:
-баланың 3 жасқа дейінгі  күтіміне байланысты жұмыссыз отырған аналардың еңбек өтілдері, бірақ әрбір  баланың үш жасқа дейінгі аралықтағы күтімі жалпы жиынтығы 12 жылдың шегіндегі мерзім;
- 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтіміндегі мерзім.
01 қаңтар 1998жылға дейінгі қалыптасқан еңбек өтілдері зейнетақы  істеріндегі зейнетақыны тағайындауға қатысты алынған еңбек өтілдеріне сәйкес есепке алынып, ешқандай қосымша құжаттарды жинақтауды қажет етпейді.
Ал, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары аударылып отырылған мерзімдер (әрі қарай МЗЖ), орталықтандырылған деректер қоры бойынша МЗЖ Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түсіп отырған айлардың санына қатысты есепке алынады. 
Егер, МЗЖ бір айда бірнеше рет аударылған болса, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімі бір ай болып есептеледі.
Зейнеткердің еңбек өтілі он жыл немесе оданда кем болған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті жылға белгіленген республикалық бюджетте белгіленген төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) 54% көлемінде төленеді, ал он жылдан артық еңбек өтілдерінің  әр бір жылы 2% -ға арттырылып, бірақ жалпы алғанда КД-нің 01 қаңтар 2018жылға белгіленген мөлшерінің 100%-нан аспауы тиіс.
«2018-2020жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 30 қараша 2017ж. № 113 VI  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, КД   28 284 тенге көлемінде белгіленген.
Базалық зейнетақы төлемдерін 01 шілде 2018жылдан қайыра есептеу мөлшерін төмендегі кестеде мысал ретінде ұсынамыз:     



Еңбек өтілі

  
КД-нен үлес

 

Базалық зейнетақы   төлемінің  мөлшері

10 жыл немесе одан төмен

             54%

           15274

    11 жыл

             56%

           15839

    12 жыл

             58%

           16405

    13 жыл

             60%

           16970

    14 жыл

             62%

           17536

    15 жыл

             64%

           18102

    16 жыл

             66%

           18667

    17 жыл

             68%

           19233

    18 жыл

             70%

           19799

    19 жыл

             72%

           20364

    20 жыл

             74%

           20930

    21 жыл

             76%

           21496

    22 жыл

             78%

           22062

    23 жыл

             80%

           22627

    24 жыл

             82%

           23193

    25 жыл

             84%

           23759

    26 жыл

             86%

           24324

    27 жыл

             88%

           24890

    28 жыл

             90%

           25456

    29 жыл

             92%

           26021

    30 жыл

             94%

           26587

    31 жыл

             96%

           27153

    32 жыл

             98%

           27718

32жыл немесе одан жоғары

           100%

           28284

         Базалық зейнетақы төлемдерін есептеу әдісін өзгерту жалпы жоғары еңбек өтілдері бар, алайда зейнетақы мөлшерлері төмен немесе ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің зейнетақы көлемін көтеруге бағытталған, сонымен қатар азаматтардың  жұмысқа орналасуға деген ынтасын арттыруды, жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзімдерін ұзарту, жинақтаушы қордағы қаражат мөлшерлерін ұлғайтуды да көздейді.  

 

Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық
есептеу Департаментінің Қарқаралы
аудандық бөлімшесі


Дата cоздания: 04 Мамыр 2018 11:37
Дата редактирования: 04 Мамыр 2018 11:38
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

0°C ясно, Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.07
EUR/KZT 427.54
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат