ГлавнаяАудан туралы Әлеуметтік сала Білім беру жүйесінің дамуы

Білім беру жүйесінің дамуы

БІЛІМ ЖҮЙЕСІ АЛҒА БАСУДА

2016-2017 оқу жылында ауданның білім беру жүйесінде 45 мектеп (оның ішінде 27 орта, 9 негізгі, 9 бастауыш мектептер), 4 мектепке дейінгі білім беру мекемелері, 32 мектеп жанындағы шағын орталықтар, 2 қосымша білім беру ұйымдары мен олардың бөлімшелері, 2 мектеп жанындағы интернаттар жұмыс жасайды. Жалпы білім беретін мектептерде 5668 оқушы оқып, білім алса, мектепке дейінгі мекемелерде (шағын орталықтарды қоса есептегенде) 1452, мектеп жанындағы интернаттарда (Қарқаралы қаласындағы №44, Егіндібұлақ селосындағы №43 орта мектептер жанындағы интернаттар) 219 бала тәрбиеленіп отыр, 666 бала мектепалды даярлық топтарына, ал мектептен тыс мекемелерге 3341 бала тартылды (Саз мектебі – 393, балалар мен жасөспірімдер орталығы – 698, «Жасұлан», «Жас қыран» ұйымдарына 1148, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі-1102). Білім беру ұйымдарындағы 278 үйірмеге 2169, 104 спорттық секцияларға 2629 оқушы тартылған.
Аудан бойынша 0-6 жас аралығында бала саны –3299. 2-5 жас аралығындағы 1452 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған (99,6%). Соңғы 3 жылда Бақты, Теректі, Қоянды, Бүркітті, Балқантау, Томар,Темірші, Абай, Ақтасты, Жаңатоған ауылдарындағы орта мектептер жанындағы шағын орталықтарда толық күндік (8 сағат) режимде жұмыс жасайтын топтар ашылды. Бүгінгі күні 19 шағын орталық (59,3%) толық күндік режимде жұмыс жасап отыр. Мектепке дейінгі ұйымда кезекте 390 бала тұр. Сондықтан Қарқаралы қаласында 2018 жылы 320 орындық балабақша құрылысын салу жоспарлануда.
Болашақтың мамандықтары жаңа бейіндер мен құзіреттілікті талап етеді және де негізгі құзіреттіліктің бірі бағдарламалар жасау мен құрастыру болып табылады. Олар балалардың шығармашылықпен ойлауын, кеңістіктік көзқарасын қалыптастырады. Осыған байланысты облыс мектептерінде оқыту робототехникасын игеру маңыздылық пен өзектілікке ие болды.
Бұл мамандықтарға дайындау мектептерде ең кіші жастардан басталуы тиіс. Осы мақсатта ауданда «Робототехника» зертханасы балалар және жасөспірім орталығында 2014 жылы ашылды, жұмсалған қаржы сомасы-2 млн. 700 мың теңге. 35 шағын жинақталған мектептің 21 мектебіне 19 млн. 260 мың теңгеге ПИК-моделі орнатылды. 2016 жылы 10 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 96 млн. 535 мың теңге бөлінді (2015 жылы-3 нысанға 77 млн. 588 мың теңге). Олар:Қарқаралы қаласындағы №1, Ынталы ауылындағы №3, Бесоба ауылындағы №8, Жарлы ауылындағы №9, Жаңатоған ауылындағы №14, Қарағайлы кентіндегі №16, Аппаз ауылындағы №18, Бүркітті ауылындағы №20, Татан ауылындағы №23 орта мектептер және Қарқаралы қаласындағы балалар және жасөспірім орталығы (терезе, есік, шатырлары ауыстырылды).
Жылу жүйесін жөндеу жұмыстары 3 млн. 438 мың теңгеге 2 нысанда жүргізілді: Егіндібұлақ ауылындағы №5, Матак ауылындағы №15 орта мектептерде.
Жалпыға бірдей білім беру қорына 2016 жылы 24 млн. 268 мың- 1,3% (2015 ж.-17 млн. 766 мың теңге) бөлініп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін мұқтаж отбасы балаларына ыстық тамақ, материалдық көмек беруге, жазғы сауықтыру шараларына жұмсалды. Жыл сайын тұрмысы төмен, көп балалы отбасы, қорғаншылық пен қамқоршылықта тұрған балалар тегін оқулықтармен бірінші кезекте қамтылады. Аудан бойынша 1 оқушыға жұмсалған қаржы мөлшері-433мың теңге (2015 ж.-346 мың теңге). Мектеп оқушыларының 95% ыстық тамақпен қамтылды (5195 оқушы).
Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтылған, көп балалы, қамқоршылық пен қорғаншылықта тұрған 203 балаға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Арнайы автобустармен балаларды тасымалдау бағдарламасы бойынша 5 орта мектепте 6 елді мекеннен (Жекежал, Ақшоқы, 6-разъезд, 9-разъезд, Саз, Бүркітті бекетінен) № 10, 12, 15, 18, 20 орта мектептерге 87 оқушыға тасымал ұйымдастырылған.
Ауданда жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 54 бала тіркеуде тұр, жалпы 0-18 жасқа дейінгі жалпы бала санынан 0,5% құрайды (10222 бала). Осы санаттағы балалардың қорғаншылары мен қамқоршылары баланы күтіп бағуға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы жәрдемақы алады.
Әлеуметтік жетімдікті болдырмау және балалар үйіндегі жетім балалардын санын азайту мақсатында 2016 жылы балалар үйінен 2 жетім бала Абыз ауылының тұрғынымен патронаттық тәрбиеге алынды.
Жазғы сауықтырумен 5128 оқушы қамтылды, оның ішінде ыстық тамақпен ұйымдастырылған мектеп жанындағы лагерьлерде 2 млн. 420 мың теңгеге 968, қаладан тыс «Қарқаралы» сауықтыру орнында 4 млн. 980 мың теңгеге 166 оқушы тегін тынықты. 360 бала аудандық кәсіподақ ұйымының есебінен 900мың теңгеге сауықтырылды.
2016 жылы аудан Ұлттық бірыңғай тестілеуден 2015 жылмен салыстырғанда жоғары нәтиже көрсетті (орташа балл- 82,77, 2015 жылғы аудан көрсеткіші-77,21 балл). Облыс бойынша орташа балл- 81,94; республика бойынша-81,2. Селолық аудандардың орташа балы-75,5 балл болды. Орташа балл бойынша Қарқаралы ауданы селолық аудандар арасында 1-орынды иеленді.
2016-2017 оқу жылында аудан бойынша облыстық 7 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:
1. «Оқу шаттығы» - әлеуметтік-педагогикалық жобасы (2016 жылы басталды - № 4, 44 орта мектептер).
2. Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатындағы «Айналамыздағы математика» жобасы (2015-2016 оқу жылында басталды - № 2, 5 орта мектептер)
3. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін трансляциялау бойынша базалық орта мектеп ретінде 2015-2016 оқу жылында № 1, 2016-2017 оқу жылында № 5, 19 орта мектептер бекітілді.
4. Техникалық білім беру сапасын жоғарылату, мектеп оқушыларының техника саласына тарту және инженерлік кәсіптің имиджін көтеру мақсатында «Болашақ инженерлер» жобасы (2016-2017 оқу жылында басталды-№ 1, 4, 16 орта мектептер).
5. География пәні бойынша «Геоград» жобасы(2016-2017 оқу жылында басталды - № 10, 16, 17орта мектептер).
6. «Жас ата-ана мектебі» жобасы «Еркетай»бөбекжай бақшасында 2015-2016 оқу жылында басталды.
7. «Үш тілді білім беруді дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы» негізінде «Жастерек» бөбекжай бақшасы екінші жыл жоспарлы жұмыс жүргізіп отыр.
Ауданның 40 мектебінде бүгінгі күні 32 спорттық залдар, 8 мектепте икемделген залдар жұмыс жасайды. Сол сияқты 40 мектеп жанында спорттық алаңдар да жабдықталған. Қарқаралы қаласындағы № 1, 2, 44, Қарағайлы кентіндегі № 16 орта мектептер жанында хоккей, шаңғы, футболдан сауықтыру алаңдары, Қарқаралы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер орталығы жанында «Жас түлектер» аула және «Қаһарман» әскери – патриоттық клубы жұмыс жасайды.
Жалпы білім беретін мектептерде спорттың 10 түрі бойынша (волейбол, баскетбол, стол теннисі, жеңіл атлетика, шаңғы, қазақ күресі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол) 104 спорт секциялары жұмыс жасап, оған 2629 оқушы қатысады.
2016 жылы жалпы білім беретін пәндерден облыстық олимпиадаға қатысқан академик О.А. Жаутыков атындағы жалпы білім беретін №1 қазақ орта мектептің бір оқушысы орыс тілі мен әдебиет пәнінен, №17 орта мектептің бір оқушысы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ІІІ дәрежелі дипломен марапатталып, қола медальға ие болды. Аудан мектептерінің дарынды, талантты оқушыларын қолдау мақсатында, 8-10 сынып оқушылары арасында математика, физика, биология пәндерінен облыстық пәндік олимпиадаға 165 оқушы қатысты. Олимпиаданың жеңімпаздар саны – 52, оның ішінде ІІ орынға ие болғаны 15 оқушы, ІІІ орынға ие болғаны 47 оқушы. Нәтижесінде облыстық аудан мектептері арасында өткен пәндік олимпиадада Қарқаралы ауданы ІІ орынға иеленді.
Халықаралық «Кенгуру-лингвист» интеллектуалдық ойынында 2016 жылы №2 орта мектептің бір оқушысы 1 орын, №6 орта мектептің бір оқушысы 2 орын, №16 орта мектептің үш оқушысы 3 орын, №44 орта мектептің төрт оқушысы 3 орын алды. «Бритишбульдог» халықаралық марафонында №8 орта мектептің бір оқушысы 2 орын, №2 орта мектептің екі оқушысы 2,3 орындар, №4 орта мектептің екі оқушысы 1 орын, №16 орта мектептің бір оқушысы 1орын, №23 орта мектептің 4 оқушысы 3 орын, №12 орта мектептің бес оқушысы 2, үш оқушысы 3 орынға иеленді. «Русский медвежонок-языкознание для всех» халықаралық сайысында №2 орта мектептің бір оқушысы 1 орын, бір оқушысы 2, бес оқушы 3 орын, №16 орта мектептің екі оқушысы 3 орын алды. Үш тілден өткен аудандық «Тіл-барлық білімнің кілті» байқауына 2016 жылы жиырма оқушы қатысып, №8,12, 16, 23, 30, 33, 44 орта мектеп оқушылары жүлделі 1,2,3 орындарға ие болды.
Бірінші облыстық «Clever» олимпиадасында №1 орта мектептің екі оқушысы 3 орынға, №2 орта мектептің бір оқушысы 2, екі оқушысы 3 орынға, №21 орта мектептің екі оқушысы 3 орынға, №44 орта мектептің екі оқушысы 3 орындарға ие болды. Білім беру саласында 1106 педагог, тәрбиеші еңбек етеді. Олардың 907-сі жоғары білімді (82 пайыз), орта арнаулы білімдісі – 199 (18 пайыз). Жаңа оқу жылында11 жас маман келді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен Кембридж университеті сарапшыларымен бірлескен біліктілікті арттыру институтының жалпы білім беретін мектептерге арналған біліктілікті арттыру курстарынан 3 деңгей бойынша 2012-2016 жылдар аралығында 158 мұғалім мен мектеп басшылары өтті (оның ішінде2016 жылы курстан өткені – 15 мұғалім).
Білім бөлімінің 2017 жылға қойылған мақсаттарымен міндеттері: білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін жағдайлар жасау, 2016-2020 жылдарға арналған Қарқаралы ауданының даму жоспарын өз құзіреттілігі бойынша іске асыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, инклюзивті білім беруді дамыту, дамуында мүмкіндіктері шектелген балаларға білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету, панасыздықты, қадағалаусыздықты, әлеуметтік жетімдікті болдырмау және балалар үйіндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды отбасыларға патронаттық тәрбиеге орналастыруды жалғастыру, педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін және мұғалім мамандығының беделін арттыру, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын жетілдіру.
Балалар үйіндегі жетім баланың санын азайтып, баланы отбасылық тәрбиеге беру мақсатында Қоянды ауылындағы отбасы балалар үйінен 9 баланы патронаттық тәрбиеге алады деп жоспарлануда.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін талап ететін балаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұрғылықты жері бойынша алуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу мақсатында 2017 жылы жергілікті бюджеттен 12 млн.теңге қарастырылды. Штат бойынша директор, логопед, дефектолог, психиатр, психолог, емдеу спорт нұсқаушы, әдіскер, массажист, медбике жұмыс істейді деп жоспарлануда. 2017 жылы білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу, талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу жаңа форматы бекітілді. Тиісті түсіндірме және дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Білім сапасын көтеру, оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру және сапалы білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мектептерді сандық білім ресурстарымен (СБР-ЦОР) қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты 2016-2017 оқу жылының қаңтар айынан бастап 11 мектеп онлайн ресурсына, қалған 34 мектеп оффлайн жүйесіне қосылады. 2017 жылы 4 химия, 4 физика, 2 линга фонды мультимедиялық жаңа модификациялық кабинеттерін алу үшін жергілікті бюджеттен 46 млн. теңге қарастырылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2017 жылы Қарқаралы қаласындағы Мәди Бәпиұлы атындағы №44, Қарағайлы кентіндегі №16, Егіндібұлақ селосындағы Қ.Смайылов атындағы №43 орта мектептерге жергілікті бюджеттен 9 млн. теңгеге 3 «Робототехника» зертханасы алынады. Сонымен қатар, 2017 жылы «Жас туристер станциясын» ашуға жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге қарастырылды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 40 млн. теңгеге Қарқаралы қаласы О.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2017-2018 оқу жылында Қарқаралы қаласындағы М.Бәпиұлы атындағы №44 және Талды ауылындағы№19 орта мектептерінде 2 ресурстық орталық ашу жоспарлануда.Үш тұғырлы тілді дамыту мақсатында тілдік курстарынан тәжірибеден өту үшін Қарқаралы ауданының мұғалімдеріне 2017 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
 


 


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 15:22 Дата редактирования: 20 Қыркүйек 2019 21:08
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

22°C ясно, Влажность 23%, Давление 715, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 387.34
EUR/KZT 428.44
RUB/KZT 6.04
Хабарландырулар Мұрағат