ГлавнаяАудан туралы Әлеуметтік сала Мәдениет Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмыстар есебі

Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмыстар есебі

Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 75 мәдени мекеме қарасты. Қазіргі таңда 39 кітапхана (аудан әкімінің 2017 жылдың 19 маусым күнгі №182 қаулысына сәйкес Қасым Аманжолов ауылдық округі, Аққора бөлімшесінде орналасқан №34 филиал кітапханасы жабылды), 3 ҚМКК «Қарқаралы, Қарағайлы, Егіндібұлақ мәдени-сауық орталықтары», 28 елді мекендердегі селолық клубтар, қорларында 9,0 мыңға тарта жәдігер бар Қарқаралы, Егіндібұлақ, М.Мамыраевтағы 3 тарихи өлкетану мұражайлары, 2 «Зерде» бейнемобилі, «Халықтық» атағы бар 9 ұжым, атап айтсақ, Қарқаралы қаласындағы «Салтанат» ән-би ансамблі, Атығай Шанин атындағы халық театры, ардагерлердің «Қайран жастық» ансамблі, «Аңыз» үлгілі хореграфиялық ансамблі, Егіндібұлақ селосындағы «Халық театры» мен «Тәттімбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрі» мен Тәттімбет ауылындағы «Халық» театры, Абыз ауылын Мақат Рымжанов атындағы «Халық театры», «Балдәурен» ұлт-аспаптар оркестрі мен 2764 қатысушылары бар 216 клубтық бірлестіктер, 144 көркемөнерпаздар үйірмелерінде 2143 адам және кітапханалар жүйесі бойынша 18 қызығушылар клубтары жұмыс жасап, аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді. Яғни аудандағы 300 халқы бар елді мекендер бүгінгі күні кітапхана, клуб үйлерімен 100 пайыз қамтылған.

Атқарылып жатқан барлық жұмыстар «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі Бөлімде жұмыс жасайтын қызметкерлер саны 320 адам, оның 149-сі мамандар, 59-ы жоғары білімді, 89-і арнаулы орта білімді мамандар.

2017 жылы мәдени мекемелерді ұстауға 334574,0 теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:

бөлім аппаратына - 17942,0т. қарастырылған. Біліктілігін арттыру курсына 92,0т.,бөлініп, толығымен игерілді Бөлімге «Дом финансов» бағдарламасы 160,0 тг. «ПУДА» бағдарламасы 280,0 тг. орнатылды.

тілдерді дамыту іс-шараларын өткізу – 1000,0т. бөлінген. Оның 720,0 т. ағылшын тілін оқыту курсына арналған. Ағылшын тілін оқыту курсын ұйымдастыруға 393 мың теңгеге кетіп, 327 мың теңге үнемделген. «Тіл білу өнер» байқауына 30,0 тг. жұмсалған. Қалған қаржы жыл соңына дейін өтетін «Абай оқулары», «Қасым оқулары», «Мұқағали оқулары», «Тіл білгірі» байқауларына жұмсалады.

клуб мекемелеріне – 186958,0 теңге қарастырылған. Қарқаралы МСО 4000,0т сахналық киім, Егіндібұлақ МСО 1396,0тг ұлттық киімдер тігілді. Мәдени іс-шараларға- 4265,0тг бөлінген.

орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бойынша - мерзімді басылымға-3560,0тг. қарастырылған.

2017-2018 жылғы қыс айларына мәдени мекемелердің жылыту маусымына 3135 тонна көмір алуға және тасымалдануына 28915,0 теңге бөлінді (тасымалдаушы ЖШС «Антар Экс» компаниясы).

Материалдық техниканы нығайтуға -25377,0 тг. бөлінген. Бүгінгі күні 4500,0 (4 млн. 500 мың) теңгеге 10 компьютер (Қарқаралы мәдениет үйіне – 3, Ақжол -1, Нұркен-1, Егіндібұлақ мәдениет үйіне – 5); жиһаздар – 2398,6тг. (Егіндібұлақ МСО киім шкафы, трубина, үстел -30 дана, орындық- 30 дана), муз аппаратура Егіндібұлақ селосы, Балқантау, Мәди, Абай, Бесоба ауылдық клубтарына алынды; Егіндібұлақ МСО-сына 10 дана муз.аспаптар 1320теңгеге алынды. Егіндібұлақ МСО-ға факсимилдік аппарат, фотоштатив, цифрлік фотоаппарат, цифрлік видеокамера, сканер алынса, Қарқаралы МСО-сына ксерокс, ламинатор жеткізілді.

Кітапханалардың кітап қорын толықтыруға 3000,0 (үш млн.) теңгеге 1868 дана кітап алынды. Қарқаралы, Қарағайлы МСО өрт дабылын орнатуға – 893,0 тг. бөлініп, наурыз айында өрт дабылы орнатылды.

Бүгінгі күнге МТБ-ға бөлінген қаржының 10352,0 мың теңгесі игерілді, 9358,0 мың теңгесіне мемлекеттік сатып алу порталына хабарлама беріліп, қазан айында толығымен игеріледі. (Қарағайлы МСО котел - 1636,0 Қарқаралы МСО музыкалық апппаратура - 7722,0тг.)

Кітапханаларға 32 стеллаж - 1130,1 тг., 2 газетница - 68,3 тг., 38 үстел – 757,9 тг., 40 орындык - 190,6тг., оқырман залына серверлік компьютер – 700,0 тг. және ауылдық кітапханаларға 10 компьютер 1500,0 тг. тамыз айында алынды, 176 мың теңгеге 8 стеллаж, 50 мың теңгеге 2 үстел қазан айында алынады.

Егіндібұлақ МСО сына қарасты Балқантау, Тәттімбет, Мәди, Нұрмақ ауылдық клубтарына 2000,0 тг. сахналық киім тіктіріледі.

Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Бесоба ауылдық клубынының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1млн.364 мың теңге бөлінді. Сметалық құжат бойынша бөлменің едені толық жөнделіп, кафель төселіп, пластик терезе орнатылып, фундементі мен төбесі толық жөнделді. Электр сымдарын ауыстырылып, 10 светильник қойылды. Жылу жүйесін жөндеуге үнемделген 219,0 теңгеге қонкурс жарияланған. Ол қаржыға 1 электронасос, 12 дана батарей және трубалар алынып, жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында жүргізу жоспарланған.

Егіндібұлақ селолық кітапханасы шатырының 4/1 бөлігі іске жарамсыз болып қалғандықтан, 200 мың теңге қаржыға шифер, шеге алынып, кітапхана қызметкерлері шілде айында жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Шілде айында өткен мәслихат сессиясынан Қарқаралы мәдени- сауық орталығына қарасты Жарлы ауылдық клубына 300,0 мың тг., Қарағайлы мәдени-сауық орталығына қарасты Татан ауылдық клубына 751,0 мың тг. құрылыс материалдарын алып, шатырын жабылып, бөлінген қаржы толық игерілді және Егіндібұлақ МСО, Қоянды, Айнабұлақ ауылдық клубтарына, Бесоба, Егіндібұлақ кітапханаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 1410,0 мың тг.қаржы сметалық құжат және мемлекеттік сараптама жасауға бөлініп, ашық конкурсқа берілді, 20 қыркүйек ашылды, конкурс қорытындысы 10 қазан белгілі болады.

Қарқаралы жылу жүйесін жөндеу жұмыстарына 3295,0 мың тг., қаржы сұралып, жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 10 қазан.

Кезекті мәслихат сессиясынан Қарқаралы МСО-на құрылыс материалдарын алу үшін 70 мың теңге, Қарағайлы МСО-на церкуляциялық сорғы 467,0 мың теңге, жылу құбырларын қысыммен жуу және тазарту үшін 220 мың тг, Ынталы клуб үйінің жылу батареяларын ауыстыру үшін – 150,0 мың теңге, Тегісшілдік ауылдық клубының ағымдағы жөндеуіне 600,0 мың теңге, Қарқаралы мәдени – сауық орталығына терроризмнің алдын алу мақсатында күзет дабылын орнату үшін – 2850,0 тг., видеоқабылдау үшін – 6717,0 тг., пандус орнату үшін 3230,0 тг., Ақбай – Қызылбай мен Бүркітті ауылдық клубтарына сахна киімдерін тіктіруге 1157,0 тг., Қарқаралы аудандық балалар кітапханасының жылу құбырларын қысыммен жуу және тазарту үшін 220 мың теңге, Ынталы ауылдық клубына, Қарағайлы МСО-на әр қайсысына музыкалық аппаратура алу үшін 1562,0 тг., Ақжол клуб үйінің жылу қазандықтарын ауыстыру үшін – 1431,0 тг., Қарқаралы, қарағайлы МСО мемлекеттік рәміздер алу үшін – 1437,0 тг, кітапханаға моноблок алу үшін (экономистке) – 220 тг. қаржы сұралды.

МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ШАРАЛАР

2017 жылдың 9 айы бойынша орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде оқырмандармен 700 ге тарта мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

Аудан бойынша мәдениет үйлерінде 572,1 көрермені бар 1893 мәдени-көпшілік шаралар өтті.

Аудандық байқаулар мен фестивальдер

7 - ақпан күні мәдени – сауық орталығында сағат 11.00-де «Expo - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жас орындаушылармен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің «Жас қанат-2017» XХІ аудандық байқауы өтті. Байқауға жалпы – 8 үміткер қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша I орын – Қасымбек Нұрсұлтан (Қарқаралы қаласы), II орын – Саменов Ерасыл (Қарағайлы), III орын – Алпан Асылжан (Бүркітті), көрермендер көзайымы номинациясымен Әлжаппаров Нұрым (Егіндібұлақ) және «Үздік патриоттық әнді орындаған үшін» Абат Қуаныш (Қарқаралы) ие болды. Қатысушылардың барлығы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

18 – ақпан күні І коридорда Ү аудандық «Қыс мерекесі» өткізілді. Қыс мерекесімен халықты қала әкімі А.Р.Сатыбалдин құттықтады. Мерекеге қала басындағы оқу орындары және мекеме, кәсіпорындар қатысты. Спорттық сайыстар арқан тарту, топтық сырғанау және шаңғы жарыстары өтті.

8– Наурыз Халықаралық әйелдер күніне, Қаздауысты Қазбек би бабамыздың 350 жылдығына орай Қарқаралы Мәдени – сауық орталығында дәстүрлі түрде V аудандық «Қазақ келіні - 2017» байқауы өтті. Ақжол ауылынан Ризадина Динара – «Парасатты келін», Нұркен ауылынан Сатыбалдина Айсұлу – «Өнерлі келін», Қайнарбұлақ ауылынан Рақымбаева Нұрбота – «Инабатты келін», Бүркітті ауылынан Нұрғалиева Торғын – «Шеберлі келін» және Қарағайлы кентінен Хасенова Анель – «Көрермендер көзайымы» номинацияларына ие болды. .Қыдыралі Құндыз ( Көктас аулы ) «Қазақ келіні – 2017» байқауының женімпазы атанды. Қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан - достықтың киелі шаңырағы» атты қала басындағы мекемелер мен оқу орындарының фестивалі өтті.

3 мамыр күні Орталық кітапханада үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл білу - өнер» атты аудандық байқау болып өтті. Бұл шара үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау; тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу; қазақстандық патриотизмді нығайту; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақсатында өтіп, оған 15 оқушы қатысты. Барлығы диплом, алғыс хат және де сыйлықтармен марапатталды.

29 маусым әнші – сазгер Рымтай Бөдесовтың 60 жылдығына арналған «Есіңде ме...» атты Республикалық байқауға өтіп, жалпы байқауға – 12 адам қатысты. Бас жүлдені – Жасұлан Сақаев (Аякөз), І орын – Алуа Қалымбекова (Ақтоғай), ІІ орын – Нұрали Есхат (Астана), ІІІ орын – Батыржан Саханов (Сәтбаев қаласынан) ие болды. «Көрермендер көзайымы» номинациясымен Данияр Рақымбай (Алматы) мараптталды. Арнайы дипломмен Айтахметов Біржан (Семей) және Азат Дулатұлы (Өскемен). Алғыс хатпен Данияр Рақымбай (Алматы), Балдырған Жекеева (Қарқаралы), Әлімжанов Бақтияр (Алматы қаласы), Әзімбеков Ерболат (Балқаш) және Думан Несіпбаев (Қарқаралы) марапатталды. Барлық қатысушылар диплом, алғыс хатпен және ақшалай сыйлыққа ие болды. Байқау гала концертке ұласты

Атаулы күндер мен мерейтойлар

Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл, Халықаралық ЭКСПО – 2017 мамандандырылған көрмесі, Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуына орай мәдени шаралар өз мәнінде ұйымдастырылды.

22 сәуір күні Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай 100 түп ағаш отырғызу акциясы өтті.

Барлық кітапханаларда «Алаш мұрасы – рухани асыл қазына» атты тарихи сағаттар ұйымдастырылып, «Алаштың даңқты ұлдары» кітап көрмелері жасақталды, «Ұлт көсемдері» тақырыбында слайттар дайындалып көрсетілді. «Жазықсыз жапа шеккендер» атты оқырмандар конференциялары жер-жерде өткізілді.

Тарихи-өлкетану музейлерінде тақырыптық стедтар жасақталып, бильбордтар, буклеттер дайындалды. «Азаттықты аңсаған алаш арыстары» атты көрме жасақталып, мектеп оқушыларына лекциялар оқылды. «Алаш партиясының көсемдері» тақырыбына көрме жасақталып, ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Қаз дауысты Қазбек бидің 350 жылдығына орай тарихи тұлғаның даналығы мен даралығын, шешендігі мен көсемдігін ұрпақ жадында жаңғыртып, мәңгілік мұраларын ел игілігіне жарату жолында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша барлық кітапханаларда үлкен кітап көрмелері ұйымдастырылып, шолулар жасалды.

Орталық кітапхананың библиография бөлімінде «Қаз дауысты Қазыбек бидің тағылымы» атты библиографиялық көрсеткіш жасалды.

Ал орталық кітапхананың кітап беру бөлімінде «Ұлы даланың данасы» атты тұрақты кітап көрме ұйымдастырылды.

Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген. Көрмеге Қазыбек би туралы деректер мен газет, журналдарға шыққан материалдар және Сарыарқа кітапханасы» топтамасынан басып шығарылған энцоклапедиялар қойылды.

Барлық кітапханаларда «Ұлт рухының кемеңгері»,«Шешендік сөздің шебері» атты кітап көрмелер қойылды.

20-25 шілде күндері Егіндібұлақ халық театры К.Жұмабековтың «Бала Қазыбек» қойылымымен Егіндібұлақ аймағының ауылдарын аралап, көрермендер назарына ұсынды.

9 тамыз күні Егіндібұлақ селосының орталық «Ауылым-алтын бесігім» атты көшеаралық фестиваль өтті. Фестиваль басталмас бұрын Қазыбек бабаның есткерткішінің алдында ауыл имамы Тұңғат Мұқанұлы құран оқып, гүл шоғы қойылды. Фестивальдің жалауын ауылымыздың ардагерлері ұстап, шеру сап түзеп орталық стадионға бет алып, әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Фестивальдің шымылдығын ашқан «Балқантау сазы» ансамблі осы мерекеге арнайы тіктірілген жаңа киімдерімен, жаңа музыкалық аспаптарымен өнер көрсетті. 15 көше өнер көрсетіп,бірінен-бірі асып түсіп 1-орынды Қазыбек би көшесі, 2-орынды Қами Ахметов атындағы көше, 3-орынды Қасен Ақаев атындағы көше иеленді. 1-орынға 50000, 2-орынға 40000, 3-орынға 30000 табысталды.

18 тамыз күні Егіндібұлақ ауылында 12 метрлік «Бәйтерек» стелласысының салтанатты ашылуы болды. Егіндібұлақтық кәсіпкердің демеушілігімен салынған Стелланы орнатуға 20 млн. теңге жұмсалған.

Осы күні балаларға арналған «Спорт» алаңының салтанатты ашылуы өтті. Оны да қаржыландырған ауыл азаматы.
Сонымен қатар ауыл жастары автобекеттің алдына «Сүйем сені Егіндібұлақ» ескерткішін орнатты.

Егіндібұлақтағы тарихи-өлкетану музейінде жер жүзіне белгілі суретші, ауылымыздың тумасы Кәріпбек Күйіковпен кездесу кеші өткізілді. Кездесуге облыс басшылары, белгілі тарихшылар, ауыл тұрғындары, мәдениет қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты. Кеш барысында Ол өзінің «Қаз дауысты Қазыбек би» атты туындысын сыйға тартты.

19 тамыз күні Бабамыздың ескерткішінің алдында құран оқылып, гүл шоқтары қойылды. Ұлан байтақ кең далада 138 үй тігіліп, мерейтой жалғасын тапты. Шара Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театр әртістерінің қатысуымен «Қаз дауысты Қазыбек би» драмасының театрландырылған көпшілік қойылымымен басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы –Әбдіқалықова Гүлшара Наушанқызы, Қарағанды облысының әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлы, КСРО Халық артисі, ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанұлы, ҚР мемлекет қайраткері Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов, жерлесіміз, Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, ҚР халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы және әр облыстан келген өкілдер құттықтау сөз сөйледі. Аттары елге белгілі ақындар арнау жырларын жеткізді.

«Қаз дауысты қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруен құрамын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Мерейтойға облыстық Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің ұжымдары, «Салтанат» ән – би ансамблі, «Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы, «Балқантау сазы» ансамблі, «Замандастар» ардагерлер ұжымы, Баянауыл, Семей қаласы, Ұлытау, Ақтоғай, Нұра, Жанарқа, Шет, Осакаровка, Абай және Бұхар жырау аудандарының концерттік бағдарламалары қойылды. Дүбірлі тойда атжарыс, күрес ұйымдастырылып, алтыбақан тебілді.

ЭКСПО-2017 көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы. Ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап есігін айқара ашқан көрме жоғары дәрежеде ұйымдастырылып. Өткізілді.

Осыған орай барлық кітапханаларада «ЭКСПО 2017 – Қазақстанның болашығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қолдан жасалынған көрнекіліктер оқырман балаларға таныстырылды. Көрмеге елбасымыздың кітаптары, мерзімді басылым беттеріне шыққан жаңа ақпараттар, ЭКСПО туралы мәліметтер топтастырылды.

Қарағайлы кентінде аймақтық халықаралық «ЕХРО – 2017» көрмесіне арналған 8-12, 13-16 жас аралығында «Жаңа есімдер» атты байқау өтті. «Вокал» номинациясында Қасым ауылынан Ғалы Жанбота, «Хореография» номинациясында Қасым ауылының «Шаттық» тобының бишілері, «Мәнерлеп оқу» номинациясында Тыныбек Гүлназ (Қарағайлы), «Сурет» номинациясында Егінбай Ақбота (Қарағайлы) бас жүлде иеленді. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің байқауының сәтті өтуіне өз үлесін қосқан ТОО «Байбатыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің транспорттық учаскелік бөлімінің бастығы Мусаханов Қайрат Сүлейменұлына байқауға демеушілік жасады.

7 мамыр күні Қарқаралы қаласындағы «Аңыз» үлгілі хореографиялық ансамблінің 25 жылдығына арналған кеш өтіп, ансамбльдің 500 ге жуық қатысушыларының басын қосты. ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған шарада концерттік бағдарлама көрсетіліп, құттықтау тілектер арналды.

Қарағайлы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары тамыз айында Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі, Қаздауысты Қазбек бидің туғанына 350 жыл толуына орай «Ауылым алтын бесігім» атты бағдарлама бойынша Қарқаралы қаласы,Қ.Аманжолов, Ақбай-Қызылбай, Жамбыл ауылдарына гастрольдік сапармен барып, өнер көрсетіп қайтты.

24-25 маусымда Мәдениет бөлімінің қызметкерлері Астана қаласында ұйымдастырылған «Қымыз фестиваліне» қатысып, концерттік бағдарлама ұсынды.

4 – 5 қыркүйек күндері Астана қаласында Қарағанды күндері аталып өтіп, Қарқаралы ауданының «Салтанат» ән – би ансамблі мен «Балқантау сазы» оркестрі өз өнерлерін көрсетіп, «Қымыз фестивалін» ұйымдастырды.

 

Облыстық байқаулар мен фестивальдерге,

мәдени шараларға қатысу

 

21 сәуір күні Қарағанды қаласында өткен Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық руханият және Қаз дауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына ауданнан өкілдер қатысып қайтты.

25 сәуір күні Қарағанды қаласында өтетін халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне арналған «Жаңа есімдер» балалар шығармашылығының VІІ облыстық конкурсына хореография жанры бойынша «Аңыз» үлгілі хореографиялық ансамблі алғыс хатпен, көркемсөз оқу жанры бойынша- Ақан Диляра ІІ орын, вокалдық ән жанры бойынша-Ильясова Гүлназ ІІ орын жеңіп алды.

5 мамыр күні Теміртау қаласында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған ХХVІІ облыстық «Ардагерлер ән салады» еңбек ардагерлері хор ұжымдарының облыстық фестиваліне «Қайран жастық», «Замандастар» ұжымдары қатысып қайтты.

10 мамыр күні Астана қаласында өткен «Астана жұлдызы» атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауына «Көркем сөз», «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша аудан балалары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

18 маусым күні Қарағанды қаласында өтетін «Мен қазақпын» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық мега жобасына ауданнан «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша «Саз» мектебінің домбырамен ән айту пәнінің мұғалімі Жекеева Балдырған және «Күйші» номинациясы бойынша «Саз» мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі Қайырбеков Сәулет Нұрланұлы қатысып, Жекеева Балдырған жүлделі ІІ орынға ие болды.

Аудандық, облыстық семинарлар

мен конференциялар

 

20 қантар мәдени – ауық орталығында «Жылдық есеп қорытындысы туралы» аудандық семинар өтті.

13 ақпан күні клуб қызметкерлеріне аудандық семинар өтті. Семинарда «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі, Қазыбек би бабамыздың 350 жылдығы, Әсет Найманбаевтың 150 жылдығы, Қали Байжановтың 150 жылдығы, Алаш партиясының 100 жылдығына арналған тақырыбында мәдени көпшілік шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

10 сәуір күні клуб қызметкерлеріне арналған «Мәдени сауық мекемелерінің жұмысы туралы» атты аудандық семинар өткізілді.

16 маусым күні клуб қызметкерлеріне арналған семинар және тоқсандық есептерді тапсыру жумыстары жүргізілді.

27 сәуір күні аудандық кітапханада «Кітап қорының жаңа классификацияға ауысуы» атты кітапханашылардың аудандық семинары болып өтті. Облыстық кітапханалардағы тағылымдамадан өтіп келген кітапханашылар үйренгендерімен бөлісіп, кітапхана жұмысындағы жаңалықтарды ортаға салды.

14 наурыз күні орталық кітапханада аудан кітапханашыларының семинар кеңесі болып өтті. Семинарда «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кітапханашылар арасында талқыланды.

26-28 маусым аралығында облыстық әмбебаб кітапханасының қызметкерлері ауданға келіп, аудан кітапханаларын аралап, 28 маусым күні семинар-тренинг өткізді.

 

Мемлекеттік, кәсіби мерекелерге арналған

мәдени-көпшілік шаралар

15 – ақпан күні сағат 11.00-де мәдени – сауық орталығында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты мерекелік кеш өтті. Ауған соғысының ардагерлерін аудан әкімі Х.М.Мақсұтов құттықтап, марапаттау жасады. Осы кунге байланысты кітапханаларда «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ауғанстан-тарқамаған қайғы-шер», «Жанымды жаралаған Ауғанстан» атты потриоттық , ерлік сағаттары өткізіліп, «Ауғанстан ақиқаты» атты слайд көрсетілді.

1 – наурыз «Алғыс айту» күніне арналған «Рахмет саған, Отаным» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Бұл мерекелік конуертке Қарқаралы ауданындағы басқа ұлт өкілдері қатысып, қазақ халқына өз ризашылығын, жылы лебіздерін айтты. Салтанатты жиында аудан әкімі Мақсұтов Халел Мұқатайұлы құттықтау сөз сөйлеп «Нұр Отан» партиясына жаңадан мүшелікке қабылдау рәсімін жасады.

7 наурыз күні аналар мерекесінің құрметіне орай «Айжұлдыз» мейрамханасында аудан әкімінің аналарға арналған «Ана өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры» атты мерекелік қонақжай салтанаты өтті. Бұл мерекеге аудандағы көп бала тәрбиелеп өсірген «Батыр аналар», Еңбек ері, ұстаз, дәрігер аналар және кәсіпкер әйелдер мен қыз келіншектер қатысты. 8 наурыз мерекесі барлық елді мекендерде аталып өтті.

Ұлыстың ұлы күні І дәлізде бұлақ көзің ашу рәсімі өтті. 22 наурыз күні мәдениет үйінің алдында «Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы және «Аңыз» үлгілі хореографиялық ансамблі қонақтарды қарсы алып, наурыз көже ұсынды. «Жыл басы наурыз, мол болсын дәм – тұз» атты қала басындағы кәсіпорындар мен мекеме, ұжымдары арасында мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне аудан кітапханаларында 24 сәуір - 1 мамыр күндері «Қазақстан татулық- достықтың киелі бесігі» – универсалды көрме, 31 сәуір - 1 мамыр күндер аралығында «Қазақстан - Отаным!» атты әдеби сазды кештер, «Қазақ елі- бірлік пен татулық мекені» кітап көрмелеріне шолу, Қарқаралы, Егіндібұлақ, Ақжол тарихи-өлкетану музейлерінде «Қазақ халқының тілегі-бейбитшілік» атты көрме, «Ашық есік күндері», ауылдық клубтарда «Ырыс алды- ынтымақ», «Ұлттар достығы- басты қазынамыз» атты мерекелік бағдарламалар, фестивальдер ұйымдастырылды.

7 мамыр ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған Қарқаралы қаласының «Ұшқыштар мемориалдық кешенінде» салтанатты митингі өтті. Жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі, мектеп оқушыларының әскери ойындардан көріністер, орталық стадионда «Ұлан» әскери-патриоттық ойындар, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Кітапханалар, музейлер, ауылдық клубтарда «Ұландарым қорғаным» атты қонцерттік бағдарламалар, «Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы», «Жігіттің сұлтаны» сайыстары, «Шырқасын жас ұландар» атты патриоттық әндер, «Ер қорғаны-ер жігіт» сапқа тұру байқаулары, «Қарулы күштер қауіпсіздік қазығы» атты тақырыптық кештер, тәрбие сағаттары, «Отан қырандары», «Сарбаздар-мемлекет тірегі» атты фотокөрме, ашық есік күндері ұйымдастырылды.

9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне арналған «Есімі елдің есінде» атты митинг, мерекелік бағдарламалар барлық елді мекендердегі мәдени ошақтарда ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламалармен қатар, әдеби кештер, көрмелер, байөқаулар, сайыстар кездесулер ұйымдастырылып, музейлерде ашық есік күндері өтті.

18 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсиби мерекесіне арналған «Мәдениет – ұлттың мәйегі» салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі К.Максутов мәдениет саласының зейнеткерлерін және мәдениет саласының үздіктерін марапаттады. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

31мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар жарасы» атты жиын өтті.

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық саябақта балалар мен жастардың музыкалық ансамблдерінің шеруі өтті.

2 маусым күні ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты салтанатты мерекелік шеру өтті. Орталық стадионда қала басындағы мекеме, кәсіпорын сап түзеп түрды. Халықты аудан әкімінің орынбасары С.Әлиұлы халықты мерекмен құттықтады.Құттықтау кезінде әскери қызметің абыроймен атқарып келген Исабаев Д. «Шекара қызметінің үздігі» төлбелгісімен марапатталды. Мерекеде патриоттық әндер шырқалып, флешмоб үйымдастырылды. ҚР Мемлекеттік рәміздер күні барлық елді мекендерде аталып өтті.

12 маусым мектеп бітіруші түлектермен қоштасуға арналған «Қош бол, алтын ұям» мерекелік іс – шара өтті.

15 маусым күні «Жүректері нұрға» толы атты медицина қызметкерлер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

22 маусым Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай мәдениет үйінде «Ерлік. Абырой. Парыз» атты салтанатты жиын, мерекелік концерт өтті.

23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай орталық стадионда жиын өтіп, мәдени қызметкерлер әннен шашу шашты. Әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

1 шілде күні Қарқаралы орталық кітапханасында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Жаңалық жаршысы» атты әдеби–музыкалық кеші өткізілді.
«Жаңалық жаршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Кешке ақпарат майданында бірнеше жыл еңбек еткен журналистер мен ардагерлер, олардың отбасылары, ақпараттың меншікті тілшілері және оқырман қауым қатысты.

Кеш қонақтары пікірлерімен бөлісіп, ө ұсыныстарын ортаға салса, мекеме басшылары редакция ұжымына құттықтау сөздерін жеткізіп, сый-сияпаттарын жасады. Әсерлі кеш әнмен өрнектеле отырып, әсерлі де мәнді өтті.

5 шілде Астана күніне орай барлық елді мекендердегі мәдениет ұйлері мен кітапханаларда, музейлерде «Жасай бер, Астанам!» атты салтанатты жиын, концерттік бағдарламалар, ән байқаулары, ашық есік күндері, әдеби кештер, көрмелер өтті.

28 тамыз күні мұғалімдердің тамыз конференциясы және де 29 тамыз күні Конституция күніне орай «Ата Заңым - ардағым» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

19 қыркүйек барлық кітапханаларда Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай «Ата тілім, жасай бер, қазақ тілім» атты тәрбие сағаттары өтті.

«Туған жер» бағдарламасы бойынша

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кітапханаларда тұрақты түрде кітап көрмелері, экскурциялық кеңес, танымдық сағаттар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, «Туған өлке табиғаты» атты экскурциялық кеңес, «Ата қоныс арқадағы, шежірелі – Қарқаралы», «Жер тарихы ұрпаққа ұран, келешекке аманат» атты кітап көрмелері, маусым айында Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Рухы биік бабалар жолымен» этнографиялық экспедиция өтіп, шілде айында «Құр орнап, кие қонған Қарқаралы» атты өлке тарихына арналған көрме, «Туған өлке тарихы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. «Мәдени мұрамыздың жаңғыруы – баянды болашаққа жарқын жол» атты әдеби шолу, «Арқадағы шежірелі Қарқаралы», «Атамекен» - ауқымды кітап көрмелері тұрақты қойылып, «Мәңгілік мұра – мәңгілік мирас», «Мәдени мұра» кітаптарын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. «Туған өлке – тұнған тарих қазынам» әдеби –сазды кеш, «Туған өлке табиғаты» атты экскурсия кеңес өткізілді.

Маусым айынан бастап селолық округтер арасында «Ауылым – алтын бесігім» атты фестиваль өтті. Бейсенбі, сенбі күндері сағат 19-00 Қарқаралы қаласының орталық саябағында өткен фестивальге 500–ге жуық өнерпаз қатысып, қыркүйек айына дейін концерттік бағдарламаларымен, түрлі қызықты ойындарымен көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.

Күн санап туған жеріміз түлеп, жаңарып келеді. Атап айтсақ, 24 мамыр «Мүгедектерді оңалту орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтсе, 25 шілдеде жел электр станциясының темірқазығын қағу салтанаты ұйымдастырып, концерттік бағдарламалар көрермендерді қуантты.

Жыл сайын наурыз айының 22-нен басталып мамыр айының 22-сі күні аралығындағы кезеңде, дәстүрлі түрде, Республикамыздың барлық аймақтарында «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциялары өткізіліп келеді. «Парктер шеруі» акциясының мақсаты табиғатты қорғау, халықты экологиялық ағарту. Парктер шеруіне біздің аудандық модельді балалар кітапханасының жанынан құрылған «Балдәурен» қызығушылар клубының мүшелері қатысып, орманға барып құстарға ұя жасап іліп, құмырсқа илеулерін қоршауға көмек жасады.

Туған жерімізден түлеген таланттардың да ел игілігі үшін қосар үлестері аз емес. Мысалы, 7 сәуір күні аудандық кітапханада Қазақстан Журналистер Одақтарының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Құрметті журналисі», «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, Қарқаралы ауданының «Еңбек майданы», «Коммунизм таңы» газеттерінің, Жаңаарқа ауданындағы «Жаңаарқа, Новая стиль» аудандық газттерінің редакторы болған, бірнеше кітаптар мен повестердің авторы, дүйім жұртқа танымал белгілі қаламгер, Қарқаралының ыстығына күйіп, суығына тоңып, әдемі де нәрлі қаламымен оқырмандарын рухтандырып, шындықты ту еткен, өтірік пен жасандылықтан бойын аулақ ұстаған тау тұлға - марқұм Әбікен Бақтыбаевқа арналған «Ұрпаққа қалған аманат-мұраңыз бізге қанағат» атты - еске алу кеші өткізілді. Кеш барысында 1824 жыл мен 1954 жылдар аралығындағы тарихи құжаттарға негізделе отырып жазылған ағаның соңғы туындысы «Қарқаралыда осылай болған» кітабының тұсаукесері жасалды.

19 шілде күні орталық кітапханада жерлес жазушымыз Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығының иегері, аудандық мәслихаттың депутаты,аудандық «Қарқаралы» газетінің бас редакторы Рымбек Смағұлов ағамыздың «Ғанибет-өмір тынысы» атты кітабының тұсау кесері болып өтті.

27 шілде орталық кітапханада М.Омарбековтың «Абыралыдан Қарқаралыға дейін» атты кітабының тұсаукесері өтті.

18 тамыз күні Егіндібұлақ Модельді кітапханасында жерлесіміз Ермек Балташұлының «Қу-Балқантау» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

 

Діни құндылықтарды насихаттау

және терроризмнің алдын алу

 

22 мамыр орталық кітапханада «Имандылық – инабаттылық айнасы» атты дөңгелек үстел өтті.

«Әлем қаупі – лаңкестік» атты әңгіме-тренинг сағаты Аманжолов кітапханасында өтті. Мақсаты: оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу. Өткізілген шарада еліміздегі лаңкестік әрекеттердің тактика, әдістерімен таныс болды. Әр-түрлі ситуациялық жағдайлардан шығу жолдары, тренингтің көптеген түрлері өткізілді. Әңгіме-тренинг сағатынан жасөспірім оқушылар өмір қауіпсіздігі, діни сауаттылығы, діни экстремизмнің алдын алу туралы өздеріне қажетті мол мәліметтер алды. Шараға мектеп оқушылары қатысты.

Қарағайлы кентінде маусым-шілде айларында «Дәстүрлі дін ізгіліктің тірегі», «Дін дәстүрдің қорғаны» атты жастармен кездесу кештері болып өтті. Кездесуде асыл дініміздің құндылықтары турасында әңгіме өрбіп, жат ағымдар болмысы жайлы кең ақпарат берілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жаһан жұртының жастары Алатаудың бөктерінде 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиадада бас қосты. Атаулы күнге орай кітапханалардада «Алатау төрінде-әлемдік Универсиада» атты иллюстрациялық кітап көрмесі қойылып, универсиаданың шығу тарихы, қызықты ақпараттық беттер, аталмыш дода өткізілетін спорт түрлерімен таныстырылды.

Мәдениет қызметкерлері арасында орталық саябақта қысқа қашықтықтарға жүгіру (25, 50, 100 м) жарыстары өкізіліп, салауатты өмір салтын ұстану жарнамаланды.

3 маусым күні Қарқаралы орталық стадионында «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жауынгер – интернационалист Әлібаев Жамалиден Рыспайұлын еске алуға арналған кіші футболдан ҮІІ аудандық турнир өтті.

24 маусым күні Қарқаралы ауданында Ұлы Отан Соғысының ардагері Күзембай Шаекинді еске алуға арналған ҮІ республикалық турнир өтті.

Сарыобалы «Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана-ақылың» атты дөңгелек үстел өткізді. «Темекінің зияны» атты баяндама оқылды. Оқушылар темекінің зияны мен зардаптары туралы көптеген мәлімет алды. Темекінің құрамы, адам денсаулығына зияны туралы мағлұмат алу үшін мектеп медбикесін қонаққа шақырды.

Дүниежүзілік спорт күні қарсаңында Қарағайлыда Жаппай жүгіру және ұзындыққа секіру, волейбол жарыстары ұйымдастырылып, өз мәнінде өтті. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.

Темірші ауылында денсаулық күні қарсаңында жасөспірімдермен "Толағай" спорттық сайысы өткізілді. Жас ерекшеліктеріне қарай 9-10 жас, 11-12 жас , 13-14 жас және 15-16 жасқа іріктеліп, ұлдар және қыздар арасында қашықтыққа жүгіру өтті. Барлық қатысушылар 1000 метр қашықтықты бой сергіту үшін жүгіріп өтіп, 60 метр, 100 метр, 500 метр, 1500 метр қашықтығына сайысқа түсті.

Отбасы құндылықтарын сақтау

Қарқаралы орталық кітапханасында 15 мамыр күні отбасы күніне орай«Отбасым- менің тірегім» атты кездесу кеші өткізіліп, « Отбасым тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке көп балалы аналар: алтын алқа,күміс алқа иегерлері,Төлеубаева Ғалымжан , Ахметова Күлпаш апайлар мен көп балалы жас ана Адамова Гүлнара, әкім аппараты АХАТ қызыметінің бас маманы Қантарбаева Бақытжамал Серікқызы, сонымен қатар «НұрОтан» партиясы Қарқаралы аудандық филиалы консультанты Аринова Саида, мұражай басшысы Жакенов Дулат, колледж студентері қатысты.

Кеш қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісті, отбасы жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Кеш әнмен әрлеп отырды.

Қарағайлы мәдениет үйінің ұйымдастырушылары отбасы күніне орай «Шырайлы шаңырақ» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға көп балалы отбасы және шағын отбасы мен ең жас отау иелері қатысты. Әр отбасы өз әулетімен таныстырып, шежіресімен бөлісті. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-аналарынан қалған зергерлік бұйымдарын көрсетті. Жүргізуші ойындар ойнатып сұрақтар қойды. Қатысушылар мүдірмей жауап беріп, өз өнерлерінде ортаға салды. Қортындылай келе Армиевтар отбасы «Ынтымақты отбасы», Сұмағұловтар «Өнегелі отбасы» номинациясы
Дата размещения: 27 Қыркүйек 2017 13:36 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 17:42

2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат