ГлавнаяАудан туралы Аймақ бойынша анықтамалық-ақпарат Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ Информация о текущем состоянии

Информация о текущем состоянии

Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 76 мәдени мекеме қарасты. Қазіргі таңда 40 кітапхана, 3 ҚМКК «Қарқаралы, Қарағайлы, Егіндібұлақ  мәдени-сауық орталықтары», 28 елді мекендердегі селолық клубтар, қорларында 9,0 мыңға тарта жәдігер бар Қарқаралы, Егіндібұлақ, М.Мамыраевтағы 3 тарихи өлкетану мұражайлары, 2 «Зерде» бейнемобилі,  «Халықтық» атағы  Қарқаралы қаласындағы «Салтанат» ән-би ансамблі, Атығай Шанин атындағы халық театры, ардагерлердің «Қайран жастық» ансамблі, «Аңыз» үлгілі хореграфиялық ансамблі, Егіндібұлақ селосындағы «Халық театры» мен «Тәттімбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрі» мен Тәттімбет ауылындағы «Халық» театры, Абыз ауылындағы Мақат Рымжанов атындағы «Халық театры», «Балдәурен» ұлт-аспаптар оркестрі мен 2764 қатысушылары бар 216 клубтық бірлестіктер, 144 көркемөнерпаздар үйірмелерінде 2143 адам және кітапханалар жүйесі бойынша 18 қызығушылар клубтары жұмыс жасап, аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді. Яғни аудандағы 300 халқы бар елді мекендер бүгінгі күні кітапхана, клуб үйлерімен 100 пайыз қамтылған.
Атқарылып жатқан барлық жұмыстар «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Бөлімде жұмыс жасайтын қызметкерлер саны 343 адам, оның 161-сі мамандар, 63-ы жоғары білімді, 92-і арнаулы орта білімді мамандар.
2016 жылы мәдени мекемелерді ұстауға  299414,0 теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде: клуб мекемелеріне - 161326,0теңге, орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне-95077,0 теңге  бөлінген.
Бөлінген қаржының 28097,0 теңгесі - 2016-2017  жылғы  қыс  айларына  мәдени мекемелердің     жылыту маусымына,   2500,0т.- мерзімді    басылымға).
Мұражайға облыстық және республикалық бюджеттен барлығы 21499,00  теңге бөлінді.  
Биылғы жылы  «Жол картасы бағдарламасы бойынша» Қарағайлы Мәдени-сауық орталығына 28636,0 теңге,  Егіндібұлақ Мәдени-сауық орталығына  22041,00теңге,  мұражайға - 5370,0 тенге;  мұрағатқа - 3481, 0 теңге бөлінді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Матақ ауылдық клубынының ағымдағы жөндеуіне 400мың теңге бөлініп, «Spare Parts» ЖШС жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маусым айында жөндеу жұмыстары аяқталады.
Аудандағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша кітап қоры –577279 оның ішінде қазақшасы – 349744 кітап, оқырмандар саны 11850 адам.
11 кітапхана бүгінгі күн талабына сай техникамен жабдықталып, «модельді кітапхана» мәртебесімен жұмыс жасайды, 16 кітапхана компьютерлендіріліп, онда 30 компьютер жұмыс жасап, кітапхананың арнайы РАБИС-автоматтандыру бағдарламасы және көптеген кітапхана жұмысының бағдарламалары  комьютерлерге салынған. Орталық кітапханада кітапхана сайты жұмыс жасайды. 24 кітапханаға телефон тартылып, 9 кітапхана интернет жүйесіне қосылған.
ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры екені әлемдегі адамзатқа белгілі және оны мойындауда. Қай қоғамның тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің рухани тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапханалар жағдайы.
Қасиетті Қарқаралы  жерінен  шыққан ғалымдар, халық қалаулылары, өнер қайраткерлері осы ғасырдан астам  сақталып тұрған,  бүгінгі күні рухани орталық болып отырған  тарихи ғимаратқа бас сұқпай кетпейді.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша І жартыжылдықта оқырмандармен 500-ге тарта мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылған. Оның ішінде 1-онлайн конференция, 3 аудандық семинар, 350 кітап көрмелері, 50-ге тарта сұхбат кештері, 25 ге тарта оқырмандар конференциялары,  30 тәрбие сағаттары, 2 библиодесант, 25 кездесулер өткізілген. Жастарды кітапханаларға тарту, отаншылдық, өнегелік тәрбие қалыптастыру мақсатында кітапханаларда «Кітапхана шақырады» атты  «Түнгі кітапхана» кештері ұйымдастырылып тұрады.
Жылда  Елбасының Қазақстан халқына жолдауларының  насихаттау жұмыстары-кең көлемді кітап көрмелерінен  бастау алып, сұхбат,шолу, дөңгелек стөлдер, тағы басқа мәдени іс шараларға ұласады. Атап айтқанда, «2030-Қазақстанның даму стратегиясы», «Қазақстан жолы - 2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кітап көрмелері  оқырман назарына жыл бойына ұсынылады.
Жыл ішінде ауданымыздың мәдени-рухани өмірінде көптеген ауқымды шаралар, түрлі деңгейлі байқаулар мен мәдени іс-шаралар өтті.
Аудан бойынша 340  мыңға жуық көрермені бар 1600 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Мемлекеттік және кәсіби мерекелермен қатар ауылдық, аудандық, облыстық, байқаулар, фестивальдер өткізілді. Атап айтсақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25  жылдығына  арналған жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің  «Жас қанат», мүмкіндігі шектеулі жандардың ХVIII «Жан шуағы» атты облыстық фестивалі;   ҚР Тәуелсіздігінің 25  жылдығы аясында  аудандық  «Ассамблея бірлік пен татулықтың тірегі» атты аудандық ұлттар мәдениеті фестивалі, «Қарлы қыс»,  «Әз Наурыз –ырыс нұры ұлыс күні» атты  аудандық фестиваль , «Қазақ келіні», «Жаңа есімдер», «Ду-думан», «Жымиясын сен неге» атты байқаулары, «Би алаңы» аудандық шоу бағдарламалары; ауылдық «Тәуелсіздік биік туым айбыным» атты фестиваль, «Тәуелсіздікті  жырлаймыз» «Қазақстан – менің елім», «Жеңіс тойы- жаса мәңгі», «Өнерім –еліме», «Ұландарым қорғаным, «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқаулары,  «Жігіт сұлтаны», «Татулығы жарасқан  жанұялар» атты  жас отбасылар байқауы, «Қазақ келіні», «Пай-пай, қазақтың келіндер-ай», «Қыз сыны», «Қыз еркем- анасымен көркем» атты  қызкеліншектер сайыстары, «Айналайын  балапан», «Айгөлек»,  «Әнші балапан», «Бақытты балалық шақ», «Еркетай» балалар байқаулары, «Тұла жүрек» атты мүшайралар,  «Сенесің бе, сен маған» атты әзіл- сықақ сайысы,  «Әзіл әлемі», «Көңілді  тапқырлар клубы», «Ел іші – өнер кеңіші» атты байқаулары, «Ауылым Балқантаудың  баурайында» атты ауылдық округтердің  қатысуымен фестивалдер ұйымдастырылды. 
Биылғы жылғы атаулы даталар мен мерейтойлар аясында орталық саябақта 16 маусым мен 26 тамыз аралығында «Айналдым елім...» атты тақырыппен қала басындағы мекемелер мен селолық округтердің фестивалі, ҚР Тәуелсіздігінін 25 жылдығына орай «Бабалар аманаты, ғасырдың ғаламаты - Тәуелсіздік» атты тақырыпта театрландырылған мерекелік бағдарлама, кездесу кештері, кітап көрмелері, Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Алаштың ардақты тұлғасы...» атты тақырыппен оқырмандар конференциясы, тәрбие сағаттары, зияткерлік ойындар, Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубакіровтың 70 жылдығы және Ғарышқа ұшқанына – 25 жыл толуына орай «Қазақтың тұғыры биік тарланы...» атты дөңгелек үстел мен экспозициялық көрме, кездесу кеші, ұлы тұлға А. Машанидің 110 жылдығына «Ғылымда  із қалған біртуар тұлға...» атты конференциясы, ашық есік күндері, көрме, Хабиба Елебекованың 100 жылдығына «Өмірін өнерімен өрнектеген...» атты тақырыпта онлайн конференция, дөңгелек үстел, кітап көрмелері, Рақия Қойшыбаевалардың 100 жылдығына орай «Халық сүйген өнерпаз еді» атты кітап көрмесі, әдеби сазды кеш, Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына орай «Қасым оқулары» облыстық жыр мүшайрасы, Кәрім Сауғабаевтің 75 жылдығына орай  «Балқантауын бақытына балаған ақын» атты тақырыпта тәрбие сағаттары мен дөңгелек үстел ұйымдастырылуда. Келешекте де мәдени – көпшілік іс-шаралар жалғасын таба бермек.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  және Жеңіс Күніне арналған «Ардагерлер ән салады» атты соғыс  және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының Шет ауданының Ақсу-Аюлы поселкесінде өткен  ХХVІ  облыстық фестиваліне Қарқаралы ауданынан киелі өнердің қадірін білетін қариялар мен ардагер өнерпаздардан құралған «Қайран жастық» және «Замандастар» ардагерлер хор ұжымдары қатысып, келер ұрпаққа рухани тәрбие беретін мәнді де мағыналы концерттік бағдарлама ұсынып, өнерлерін көрсетіп қайтты.  Аталмыш хор ұжымдары көрермендердің көңілінен шығып, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыстық ардагерлер Кеңесінің дипломдарымен және Шет ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сәуір айында Қарқаралы ауданының «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар  өнерпаз ұжымдарының  Республикалық аттестациясы өтті. Аттестацияға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының өкілдері, мәдениет саласының мамандары келіп, ұжымдардың өнерлерін жоғарғы бағалады
Бөлімге қарасты 2 «Зерде» бейнемобилі, ауданымыздағы клуб, кітапхана мекемелерімен қамтылмаған, орталықтан алыс орналасқан елді мекендерге мәдениет қызмет көрсетеді. Республикамыздың жер-жерінен көптеген өнер ұжымдары және танымал өнер иелері келіп, «Ерлерін сыйлар Елім бар»  Республикаға танымал ақындар айтысы, «Әке мен бала»  концерттік бағдарламасымен  ҚР Халық артисі Алтынбек Қоразбаев  және   «Меломен» тобы, Роза Әлқожаның  мерекелік  жеке ән кеші, дәстүрлі әнші, Гүлбаршын Тергеубекованың  «Мәңгілік ел» атты концерттік бағдарламасы, Тұрсынбек Қабатовтың әзіл-сқақ бағдарламасы, «Үш жүз» тобының «Атыңнан айналайын» атты  концерт  облыстық Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік жанындағы «Ауен», «Аққу»  фольклорлық хореографиялық ансамбльдері,  «Сарыжайлау»  кинотеатрының  «Қазақ елі», «Аманат», «Он алты қыз»,   атты фильмдерінің  көшпелі көрсетілуі  ұйымдастырылды.
Мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне  мемлекеттік қолдау көрсету, ынталандару, әлеуметтік статусын және еңбектерінің маңыздылығын арттыру мақсатында ауданымыздан Қарағанды облыс әкімінің  сый ақысын  «Ауылдың үздік кітапханашысы»  номинациясымен Нүркен ауылының кітапханашысы Маякина Бақыткүл Рахметоллақызы, облыстық мәдениет басқармасының «Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы»  номинациясымен Нүркен ауылының клуб ұйымдастырушысы  Ахметчин Ернияз Маметұлы, «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» номинациясымен Қ.Аманжолов ауылының клуб ұйымдастырушысы Орманбетова Райхан Капановна,  «Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» номинациясымен Қарқаралы мәдени-сауық орталығының  концертмейстері Ахтанберлин Руслан Мейрамұлы марапатталды.
«ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы 2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның 70 мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлері тестілеуден өтті. 10 адам В-1 деңгейі бойынша сертификаттық тестілеуден және 60 адам диагностикалық тестілеуден өтті.
2016 – 2020 жылдар аралығында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі негізінде диагностикалық және  сертификаттық  тестілеуден өткізудің жоспары әзірленіп,  2016 жылы – 150, 2017 жылы – 160,  2018 жылы – 175,  2019 жылы – 190, 2020 жылы – 205 мемлекеттік және азаматтық қызметшілер тестілеуден өтетіндігі жоспарланып отыр.
Мәдениет саласы қызметкерлерінің басты мақсаты – аудан халқына бүгінгі күн талабына сай қызмет ұйымдастырып, жұмыс жасау. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәдениеті өскен ел - өркениетке көшкен ел» дегендей, мәдениеті өркендетуге әр қазақстандық ат салысуға міндетті.

 


Дата размещения: 17 Тамыз 2016 13:56 Дата редактирования: 22 Тамыз 2019 03:00
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

17°C малооблачно, Влажность 57%, Давление 712, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.05
EUR/KZT 428.25
RUB/KZT 5.84
Хабарландырулар Мұрағат