ГлавнаяАудан туралы Аймақ бойынша анықтамалық-ақпарат Қарқаралы ауданының Ішкі Саясат бөлімі ММ Қарқаралы ауданы бойынша қоғамдық саяси ахуалының ақпараты

Қарқаралы ауданы бойынша қоғамдық саяси ахуалының ақпараты

«Бірлігі бекем-ел мықты» демекші, Елбасымыздың салиқалы саясаты, сындарлы көзқарасы, көрегендігінің арқасында бүгінде еліміз қарышты қадаммен алға басуда. Еліміз өркендеп, халқымыздың әлеуметтік әлеуеті нығаюда. Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы ел экономикасы мен тұрақтылығының негізігі кепілі, сан саланы, түрлі тақырыптарды қамтитын аталмыш бағдарламалар халық арасындағы береке мен бірліктің тірегі, мызғымас қағидасы, адастырмас бағдары. Міне осындай еліміз бойынша жүзеге асып жатқан іргелі істерден Қарқаралы ауданы да шет қалмайды. Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар бүгінде қарқаралылықтардың игілігіне елеулі түрде еңбек етуде. Бұл аудан халқының әлеуметтік жағдайы мен аудан экономикасының  артуына оң ықпалын тигізіп келеді. Осының барлығы аудандағы қоғамдық саяси ахуалдың  ойдағыдай деңгейде сақталып, тұрақтылықтың негізгі алғышарты болмақ. Бірнеше ұлттық басын қосқан, өндірісі өріс жайып, төскейде малы жайылып, егіні жайқалған өлкенің қандай жетістігі болсын әлеуметтік экономикалық дамуы, ақпараттық насихат жұмыстарының дер уақытында жүргізілуі және оң нәтиже беруі, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым қатынасындағы белсенділіктің ықпал ететіні анық. Қандай мәселені болсын, талқылап, таразылап, ой елегінен өткізіп, келісіп пішкеннен кейін жүзеге асатындығының жарқын көріністерінің бірі, бұл аудандағы қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығына алып келеді. Сонымен қатар, аудан жұртшлығын бір сенімнің ұясына біріктіріп отырған «Нұр Отан» партиясының да үлесі қашанда басым. Партияның аудандық филиалы тұрақты түрде жұмыс жасайды. Еліміздегі еңсеріліп жатқан іргелі істердің жәрдемшісі, жаршысы болып жүрген партияның аудандық филиалының құрамындағы 30 бастауыш партия ұйымында 2675 партия мүшесі тіркелген. Сонымен бірге аудандық мәслихатта «Нұр Отан» партиясының фракциясы жұмыс істеуде.  «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі құрамында 13 партия мүшесі, Саяси кеңес бюро мүшесінде 5 партия мүшесі бар. Аталған құрылымдар жоспар бойынша отырыстар өткізіп, аудан көлемінде жасалып жатқан «Нұр Отан» партия Сайлауалды тұғырнамасына талдау жасап отырады. Аудандық партия филиалының бақылау комиссиясы тұрақты түрде жұмыс жасап, партия филиалының ішкі партиялық жұмыстарының бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Сонымен қатар, жалпы қоғамдағы саяси ахуалдың тұрақтылығына бірден бір ықпал етіп отырған бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз. Елбасының «БАҚ халық пен билік арасындағы алтын көпір» деп айтуы тегін емес. Нақты айтқанда, ауданымызда болып жатқан жемісті жұмыстарды облыс, қала берді, республика көлемінде жария етіп, елдің еңбегін елеп, мерейін өсіріп, ауданымыздың мәртебесін көтеріп отырғанда осы мерзімді басылымдар мен телевизия саласы. Аудан орталығынан шалғайда жатқан халыққа дұрыс ақпарат жеткізуде, өңірде дұрыс жұмыстардың жүріп жатқандығын, халық арасында билікке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыруда, бір бірімен тығыз байланыс орнатуда ықпал етіп отырған БАҚ құралдарында ауданымыздың толағай табыстары үнемі жарияланып келеді. Осы орайда, аудан халқы да БАҚ кеңінен таралуына да зор ықпал етуде. Қала, поселке, ауылдық округтерінің тұрғындары баспасөзге жазылуда белсенділік танытып, бүгінде еліміздегі жаңалықтардан үнемі хабардар болып отырады. Әрине, осындай, науқанда ұйымдастыруда, аудан басшылары мен ауыл әкімдері, пошта қызметкерлері үлкен еңбек сіңірді.

Аудан тұрғындары арасында тұрақтылықты сақтап, қоғамдық саяси ахуалдың бір деңгейде тұруына бірден бір себепкер болып отырған бірегей бағдарламаның бірі «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы. Халықты әлеуметтік қорғау тұрғысында жұмыспен қамтуда, кәсіпкерліктің кең қанат жаюына, жалпы жұмыссыздық деңгейінің азаюына бірден бір ықпал етті.
Түгі алтын, тоны торқа Қарқаралы жерінің асты қазба байлықтың мекені, Осы байлықты игеруде, халықтың қажетіне жаратуда, облыс пен аудан бюджетін еселеуде орасан зор ауқымды жобаларды іске асырып отырған өндіріс орындарындағы тұрақтылық үнемі басты назарда. Яғни, аймағымызда кәсіпорындар мен ұйымдардағы жағдай үнемі бақыланып, мониторинг жүргізіліп тұрады .


Қарқаралы ауданы бойынша қазіргі уақытта 22 мешіт жұмыс жасап тұр. Діни рәсімдерді 22 мұсылман қызметкерлері атқарады, Шетелдің діни оқыту мекемелерінде оқып жатқандар жоқ.
Аудан бойынша ақпараттық-түсіндірме тобынан құрылған 10 қызметкер Егіндібұлақ селосы, Қарағайлы кентіндегі елді-мекендерінде 4 адамнан құрылған жергілікті ақпаратты түсіндірме топтармен жұмыстар жүргізілуде, деструктивтік дәстүрлі емес  діни  ағымдардың, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған  топ және сектор мамандармен 2017-ші жылы 1357 адамды қамтитын кездесулер өткізілді, оның ішінде «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігімен-46, сектор мамандарымен 42 жекелеген мекен-жайлық жұмыстар жүргізілді.
      Жыл басынан «114» қауырт желісі және «Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының» сенім телефондарына, аудан байынша заңды тұлғалардан, жергілікті тұрғындардан қоңыраулар түскен жоқ. 
   Көпшілік халық жиналатын орындарда, мысалы жұма намаздарда, экстремизм мен терроризмге мүлдем төзбеушілік акцияларында «Жихадтың шын мағынасы және оның діни экстремизм мен халықаралық террорзим мазмұнындағы трансформациясы», «Ислам и светское общество», «Стратегия поведения в случае возникновения подозрения, что молодой человек вовлечен в деятельность деструктивных псевдорелигиозных организации», «Дін және заман», «20 вопросов и ответов на актуальные темы в сфере религи» сияқты әдістемелік құралдарды тарату  және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Қарқаралы қаласы бойынша діни әдебиеттерді тарату орны-1, атап айтқанда Ә.Бөкейханов көшесі 41-мекен-жайда орналасқан аудандық  кітапханада 252-дана діни кітаптар бар, оның ішінде 245-данасы мемлекеттік тілде, 7-данасы орыс тілінде жазылған, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және «Діни көзқарастар» туралы зерттеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, үстміздегі жылдың 1-ші тоқсанында дәстүрлі діни әдебиеттерді Қарқаралы қаласы бойынша 8 адам пайдаланып оқыған. (Н.Сағындық, Г.Сағындық, П.Байдаулетова, С.Жұмашев, С.Искаков, А.Абеуов, Е.Бекжанов, С.Мусина.)
    Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторымен, 11 іс-шаралар өткізілді;
Дәстүрлі құндылықтарды түсіндіру, этникоаралық және конфессияаралық қатынасты нығайту, радикалды діни көзқарастың зияндылығын түсіндіру мақсатында жергілікті бұқаралық-ақпарат құралдарына оның ішінде (В Контакт, фейсбук, ватцап) әлеуметтік желілеріне бейне жазабалар салынды, («Қарқаралы газеті-13, облыстық Орталық Қазақстан газетіне»-2) мақала жарияланды.
  Хабарламаны қорытындылай келе аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болып саналады. Қазіргі кездегі қоғамдағы ілгерілеушілік өзгерістер, қоғам және мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптар ауданда ішкі саясат мәселелерінің негізгі бағыттары жұмыстар жүргізуде жаңа сапалы әдістер қалыптастыруды қажет етіп отыр. Соған байланысты аудандық ішкі саясат бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқара беретін болады.

Қарқаралы ауданы ішкі саясат                             Д.Халел
бөлімінің басшысы
 


 


Дата размещения: 27 Қыркүйек 2017 13:42 Дата редактирования: 24 Тамыз 2019 04:40
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

23°C облачно, Влажность 33%, Давление 719, ветер 2 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат