Погода в Каркаралинске: -4°C
Обратная связь Карта сайта WAP Для слабовидящих
home
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз? жауап беру

Максутов Халел Мукатаевич

Аким Каркаралинского района Задать вопрос

Әкімнің сәлемдесуі

Мемлекеттігіміздің тарихында өзіндік ерекше орны бар Қарқаралы қаласының
190 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып отырған Қарқаралы ауданы әкімінің ресми сайтына хош келдіңіздер! Ауданымыздың ресми сайтының ашылуы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауының төртінші бағытында  “Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет” деп айтылғандай «электрондық үкімет» жасақтау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижесі деп есептейміз.

Қарқаралы – қазақ мемлекетінің қоғамдық-саяси дамуына, ғылымына, өнерімен  мәдениетіне өзіндік үлестерін қосқан ұлы бабаларымызбен, батырларымыз, майталман ұл-қыздарымыз туған қыдыр дарып, құт қонған қасиетті өлке.
Бүгінде ауданымыздың  ауылшаруашылық, өндіріс салалары  қарқынды өріс алып, әлеуметтік –экономикалық жағдайының  жақсаруына оң ықпалын тигізуде. Кейінгі жылдары көптеген әлеуметтік нысандар ашылып, жаңа мектептер, су құбырлары тартылып, ауыл өмірі жақсара түсуде. 
Бүгінгі ашылып отырған сайт, аудан өмірінің одан әрі жақсара түсуіне өз әсерін тигізеді деген сенімдемін. Біз ауданымызбен, облысымыздың, жалпы Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне қызмет етуде өзара ынтымақтастыққа әр қашан дайынбыз!
Біздің сайтқа хош келдіңіздер!

Құрметпен,
Қарқаралы ауданының әкімі  Мақсұтов Халел Мұқатайұлы

Лента новостей

© 2013 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»